Аймақтардан ақ тілек!

0 6  429

Мемлекетіміздің шынайы мақтанышы

Он бес жыл бұрын мен астананы көшіру жөніндегі комиссияны басқардым. Еліміз үшін аса қиын кезең­дерде Астананы салу туралы шешімдердің қалай қабылданғандығын өзімнің жеке тәжірибемнен жақсы білемін.

Кейбіреулерге тек қиял ғана болып көрінген ғаламат жоба он бес жыл ішінде жүзеге асып, мем­­лекетіміздің шынайы мақтанышы болды. Рес­публикамыздың бас қаласы өзінің аса жоғары мәр­тебесіне сай нағыз астана болып қалыптасты.

Бүгінгі таңда Астанада әлемдік мән-маңызға ие форумдар мен саммиттер өтуде. Қала расында да еліміздің аса сұлу астанасына, гүлденген, дамыған Қазақстанның символына айналды.

Еліміздегі сияқты Алматыда да Астана күніне орай көптеген шаралар өтетін болады.

6 шілде күні мерекелік концерт, «Нұрсұлтан» шыңына қатысты дәстүрлі альпиниада және түрлі көрмелер, қайырымдылық акциялары, спорттық жарыстар, азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Барынша ұтымды ойластырылған мерекелік бағдарламаның алма­тылықтар мен қала қонақтарының көңілінен шығатындығына сенімдімін.

Ахметжан ЕСІМОВ,
Алматы қаласының әкімі

Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры

Тарихтың тағы бір беті – жеңіс пен жетіс­тіктер артта қалды. Онда Елбасының көшелі көрегендігі мен асқан кемеңгерлігі жатыр.
Астана – халқымыз үшін тәуел­сіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі. Арманы мен тілегінің кепілі. Сондықтан, жас елордамыз көркейіп, гүлдене берсін! Біз баянды болашаққа жол ашқан Астананың мәртебесіне сай болуға тиіспіз.

Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп келе жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Оның ертеңіне барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде. Осынау айтулы күні барлық ақмолалықтардың атынан Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты және әрбір қазақстандықты қала күні мерекесімен құттықтаймын!

Ел ертеңі, Қазақстанның болашағы жолындағы игі жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін!

Қосман АЙТМҰХАМЕТОВ,
Ақмола облысының әкімі

Бас қала – Қазақстанның басты бренді

Астана – ел тәуелсіздігінің айғағы, жас мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық дамуының символы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да парасатты саясатының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Астана Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктің саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды.

Бүгін Астана әлемдік саяси көшбасшылардың, серіктестер мен инвес­торлардың, түрлі конфессиялар мен діндер, мәдениет пен өнер өкілдерінің кездесетін орны болып табылады. Ол – әлемдік құрылыстың жаңа идеяларына негізделген ең батыл сәулет жобаларының іске асатын шаһары. Бұл күндері жас Астана бүкіл елді нық жетелеп, жаңа өзгерістердің қозғаушысы, барлық жолдардың түйіскен орталығы болып, жаңа Қазақстанның басты брендіне айналды. Сондықтан да барша қазақстандықтар өз армандарын, үміті мен болашағын елордамен байланыстырады. Солардың қатарында Алматы облысы да Астанада өткізілетін түрлі шараларға белсенді қатысып келеді.

Аңсар Мұcаханов,
Алматы облысының әкімі

Халықаралық іргелі жиындардың алаңы

Астана – күллі қазақстандықтың мақ­танышы, егемендігіміздің келбеті мен ай­ғағы. Сондықтан, еліміздің жар­қын бола­шағы елордадан басталады. Бас шаһар тарихи өлшеммен өте қысқа мер­зімде биіктік пен көркеюге қол жет­­кізіп, жас мемлекеттің арманын шын­дыққа айналдырды.

Еуразия кіндігіндегі Астана қазіргі таңда халықаралық іргелі жиындардың, конфес­сия­аралық келісімдердің алаңы іспеттес. «EXPO-2017» көрмесінің біздің елордамызда өтуі де әлем елдері алдында абыройымызды асырып, мәрте­бемізді көтерері сөзсіз.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Елорда тойын Ертіс бойы да атап өтеді

Астана күні – бұл астана­лық­тар­дың мерекесі ғана емес, жалпыхалықтық мейрам. Елор­даның 15 жылдық мерейтойы қарсаңында Ертістің жағасында орын тепкен қаламызда осынау атаулы датаға арналған көрмелер, концерттер, фестивальдар өтуде.

Астана тұрғындары мен қонақтарына зор денсаулық, Отанымызбен бірге алға басуын тілегім келеді.

Ерлан АРЫН,
Павлодар облысының әкімі

Жасампаз идеялар ордасы

Жаңа астананың құрылысы мем­лекетіміздің өміріндегі жаңа, жарқын парақты ашып, Елба­сы­мыздың басшылығымен жүріп жатқан рефор­маларға жаңа қарқын берді.

Бұл күнде Астана Орталық Азияның ірі саяси және эконо­ми­калық орталығына айналды. Осы жерден жасампаз идеялар мен жо­балар түлеп ұшуда.
Астанамен көршілес орналасып қана қоймай, елорда құрылысына өз үлесін қосқан Қарағанды аймағы тұрғындарының атынан барша қазақ­стандықтарды осынау тамаша мерейтоймен құттықтаймын! Бұл – әрқайсымыздың жүрегімізге қуаныш ұялататын мереке.

Бауыржан ӘБДІШЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Асқақтап, жайнай бер, көрікті шаһар!

Мемлекеттігімізді ұлықтайтын бүкіл ха­лықтық мере­ке­лердің бірі – Астанамыздың туған күні. Арманға айналған Ас­тана бүгінгі таңда елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін ай­шықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді. Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, бірлік, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін. Хал­қымыздың баянды бірлігі, ұйыған татулығы жасасын!

Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем де арман қала – Астана гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын!

Асқақтап, жайнай бер, мерейлі де көрікті шаһар – Астана!

Бердібек САПАРБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Өзге өңірлер үлгі алады

2006 жылдан бастап, жыл сайын 6 шілде күні мерекені тойлау игі дәстүрге айналды. 1994 жылдың дәл осы күні Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның елордасын Алматы қаласынан Ақмолаға – кейіннен Астана атанған қалаға көшіру туралы шешімі шықты. Біздің елордамыздың көркейіп, дамып келе жатқанына қарап, өзге өңірлер, соның ішінде Қызылорда облысы да үлгі алады. Астана – біз үшін келешегіміздің, Ұлт көшбасшысының орындалған арманының, барлық қазақстандықтардың символы.

Шаһар күн өткен сайын асқақтап, ғылым мен мәдениет, еңбек және спорт саласында жеткен жетістіктерімен мәртебесі биіктейді. Ол үшін барлық мүмкіндік, ең бастысы – лайықты адами әлеуеті бар.

Біз барша астаналықтарды атаулы мерекемен құттықтап, Астананың әрбір отбасына табыс пен береке тілейміз.

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ,
Қызылорда облысының әкімі

Күллі қазақты ертеңге жетелеуші қала

Астананы Арқаға көшіру өте ауыр ке­зең­дерде, ха­лық­тың тұр­мыстық ахуалы қиын жылдарда орын алғаны рас. Алайда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің, жігерінің арқасында әсем Астана бой көтеріп, ол күллі қазақты ертеңге жетелеуші қалаға айналды.

Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астананың әу бастан бергі әріптестігін, байланысын айта кеткен жөн. Өңірдегі зауыттар, өнеркәсіптер, тамақ өндірісі, басқа да салалар бас қаланың аяқтан тұруына қызмет етті. Солтүстік Қазақстанда жасалған өнімдер: құрылыс заттары, вагондар, «Сұлтан» макарондары Астанаға ағылды.

Той қарсаңында да қол қусырып отырған жоқпыз. Мерекеге арналған түрлі деңгейдегі фестивальдар, концерттер, танымдық экскурсиялар, көрмелер және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Мерейтой соңын салтанатты отшашулармен аяқтамақпыз.

Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

Ел дамуын елорданың дамуымен өлшейміз

Мен сәулеті жарасқан елордамызда қызмет етіп, тұрғыны болғаным үшін тағ­дырыма мың да бір алғыс айтамын. Маған сенсеңіздер, Астананың келбеті күн сайын емес, сағат сайын жаңарды, көркейді. Біз еліміздің дамуын Астанамыздың өсуімен өл­шейміз. 15 жылдық мерейтойымен құттықтай отыра, елор­дамыздың одан да көрікті, сұлу қалаға айналғанын тілеймін. Ал, астаналықтардың дені сау болып, ырысы арта берсін!

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ,
Атырау облысының әкімі

Еліміздің кіндік қаласы

Тәуелсіз Қазақстанның жылнамасында Астана тарихы ең жарқын болашақ кепіліне айналды. Оның бас сәулетшісі – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін ескерсек, осы бір ғажайып шаһар сол кісінің бастамасы арқасында, мұқалмас күш-жігерінің негізінде бой көтерді. Ендеше, Еуразияның жүрегі, еліміздің кіндік қаласы – Астананың 15 жылдық мерейтойы баянды болсын!

Мерейтойыңмен, Астана! Өсіп, өркендей бер!

Нұрлан НОҒАЕВ,
Батыс Қазақстан облысының әкімі

Ұлтымызға жаңа самал, елімізге жаңа леп әкелді

Бүгінде еңсесі биік, мәртебесі жоғары, барша Алаш ардақтаған еліміздің Бас қаласы жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның айшықты нышанына, ұлттың мақтанышына айналғаны ақиқат. 15 жыл – Астана үшін өркендеу кезеңі, тарихи бір белес деп білемін.

Ару Астана ұлтымызға жаңа самал, елімізге жаңа леп әкелді. Бүгінде Қыдыр қонып, құт-береке дарыған киелі мекенге айналып, ұлт мұрасымен, ел тарихымен біте қайнасып кетті. Өйткені, «Мәңгі ел» мұратын ұстанған еліміздің Астанасы – Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне, әлем таныған мемлекетіміздің айбыны мен абыройы асқақтаған ғажайып шаһар биігіне көтерілді.

Астана – келешегі жарқын, болашағы айқын қала. Бүгінде Астана көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағына тірек, достығы мен татулығына кепіл болып отыр. Ерке Есілдің жағасынан керегесін кең жайған Астананың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биік болсын!

Қанат БОЗЫМБАЕВ,
Жамбыл облысының әкімі

Алтын төрім – Астана

Астана – еліміздің өсу динамикасын, келешек кел­бетін танытатын XXI ғасыр­дың шаһары. Елдік мүдде мен мұ­раттарға батыл қадам­дар осы елордамыздан басталады. Астана күнін Ақтөбе жұртшылығы да кеңінен атап өтеді. 6 шілдеде бұқаралық думан-той облыс орталығының ҚР Тұңғыш Президенті сая­бағында, А.С. Пушкин саябағында, «Ретро» саябағында, Орта­лық стадион алаңында, «Метталургтер» мәдениет Үйінің алаңында және «Мега-Ақтөбе» ОСО-ның алаңында өтеді. «Астана – асыл ән қалам», «Алтын төрім – Астана» деген атпен мерекелік концерттер қойылып, отшашу ұйымдастырылады.

Архимед Мұхамбетов,
Ақтөбе облысының әкімі

Ең озық идеяларға негізделген заманауи қала

Осынау қысқа мерзімде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың егеменді Қазақстанның ең озық идеялар мен технологияларға не­гізделген жаңа және заманауи астанасын салу жөніндегі мега-жобасы жалпыұлттық мақтанышымызға айналды және жоғары халықаралық бағасын алды.

Бүгінде Астана – бүкіл Қазақстанның жетістіктерін паш ететін заманауи қала, біздің еліміздің іскерлік, саяси, экономикалық және мәдени орталығы.
Қымбатты елордалықтар! Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, молшылық пен құт-береке тілеймін! Біздің Отанымыздың Елордасы – Астана еліміздің барлық өңірлері мен қазақстандықтар үшін үлгі-өнеге болып өркендеп, гүлдене берсін!

Нұралы СӘДУАҚАСОВ,
Қостанай облысының әкімі

Серпін беріп, сенім ұялатты

Қымбатты елорда тұрғындары! Сіздер мақтануға да, мақтауға да лайық қалада өмір сүріп жатырсыздар. Сіздерге Астанамыздың гүлденуіне үлес қосып жатқандықтарыңыз үшін алғыс білдіремін және мерекелеріңізбен құттықтаймын! Астананың бас сәулетшісі, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елі мен халқы алдындағы ерен еңбегі – жас ұрпаққа үлкен үлгі. Маңғыстау өңірінің еңбеккер халқы еліміздің, елорданың дамуына айрықша үлес қосып келеді.

Астанамыздың дамуы өзге қалаларға серпін беріп, сенімділік ұялатты. Маңғыстау өңірі үшін Астана күні – тәуелсіздік жетістігін бағалайтын мереке.

Алик АЙДАРБАЕВ,
Маңғыстау облысының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + seventeen =