АЙМАҚ ИМАМДАРЫНЫҢ АПТАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

0 161

img_5626

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде орыс тілді уағыз-насихат тобын құру туралы шешім қабылданған еді.

Осыған орай, 20-27 мамыр аралығында өңірлерден келген 20 имамға ислам құндылықтарын орыс тілінде жеткізу тақырыбында семинар жүргізілді. Елорда имамдары мен медресе ұстаздары, дін істері басқармасы мамандары қолға алған семинардың алғашқы дәрістерін «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Абдусамад Махат пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсат Қайырғалиев өткізіп, онда «Хадис ілімінің шығу тарихы» мен «Мазхабтардың пайда болуы» жайында дәріс айтылды.

Аптаға созылған семинарда ақида, фиқһ ілімі, тәпсір әдістемесі, ханафи мазхабы қағидалары, шешендік өнер және тағы да басқа өзекті тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ, брейн-ринг, диспуттар және бейнесұхбат (уағыз) беру тәсілдері жайында дәрістер өткізіліп, қатысушы имамдар семинарда жүргізілген сабақтарға ризашылығын білдірді. Кеше апталық семинар қорытындыланып, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан арнаулы сертификаттарды ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «НұрАстана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов қатысушыларға табыстады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =