Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетiнiң ректоры:

0 136

– Бүгiнгi көтерiлген мәселелердiң мен үшiн маңызы зор. Қаланың тұрғыны, өнер саласының өкiлi ретiнде айтарым, елорданың мәдени келбетi қалыптасып келедi. Астананың мәдени әлеуетiн көтеру үшiн атқарылған iс көп. Алда атқарылатын мiндеттер де аз емес. Қазiр қаламызда көптеген республикалық фестиваль, байқаулар өтедi. Бiрақ, халықаралық байқаулар аз. Бұрын Алматыда «Азия дауысы» фестивалi өтетiн. Қазiр үнi өшiп қалды. Неге Астана елорда ретiнде сондай халықаралық байқау өткiзбеске? «Астана дауысы» деп күллi әлемге атымызды шығаруға болады. Сол сияқты классикалық өнерге қатысты жобаларды неге қолға алмасқа? Мысалы, «Алтын сахна» деп жыл сайын халықаралық театр фестивалiн өткiзуге қаладағы театрларымыздың қауқары жетiп тұр. Сондай-ақ, биыл опера және балет театрының жаңа ғимараты пайдалануға берiледi. Дәл сол театрда балет фестивалiн өткiзiп, бекзат өнердi дәрiптесек жақсы болар едi. Тағы бiр мәселе – менiңше, мәдениет мекемелерiндегi қойылымдарға абонемент жүйесiн енгiзу қажет. Мысалы, америкалықтар «Корнеги холлға» белгiлi бiр уақытқа абонемент алады. Яғни, ол адам аталмыш сарайда қандай концерт, шаралардың өтетiнiн бiледi. Әрi оған кiретiн билетi де дайын тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =