Айбыны асқақ ұлан

0 10

«Қазақстан» орталық концерт залында Ұлттық ұланның құрылғанына 28 жыл толуына арналған «Мәңгілік ел – мұратымыз!» атты тамаша кеш өтті.Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреген шақта құрылған Ұлттық ұлан бүгінде мемлекетіміздің айбыны мен абыройына айналды. Қазір ұланның қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет саналады.
Кеш барысында Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің өнерін ерекше айтып өтуге болады. Әуелеп салған ән мен күмбірлеп төгілген күй жұртшылықтың делебесін қоздырып, әсерлі сезімге бөледі. Сонымен бірге Еділ Құсайынов, Маржан Арапбаева, Ғайни Жұмашева, Мұрат Қожа, Мұрат Нұрғазиев, Жеңіс Сейдоллаұлы, Виктор Яшновский, Естай Мұқашев секілді танымал тарландардың өнері концерттік бағдарламаны одан әрі асқақтатып жіберді. Сондай-ақ ұландықтар биыл елімізде аталып өтілетін айтулы оқиғалар туралы театрланған қойылымдар ұсынды. Биік рухқа толы шығармалар мен әскери әндер орындады. Ұландық бишілердің өнері де тәнті етті. «Спасская башня-2019» халықаралық әскери-музыкалық фестиваль қатысушылары Ұлттық ұлан Құрмет қарауыл ротасының орындауындағы қарумен дефилені тамашалады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды