Айбыны асқақ, тұғыры нық

0 165

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – қайсарлық пен қаһармандықтың ұранына, биік рух пен өршіл отансүйгіштіктің тұмарына айналған күн. Себебі, айбыны асқақ, туы биік, тұғыры нық Қазақстан Қарулы Күштері – қашанда Отан тыныштығының сенімді тетігі, бейбіт еліміздің егемендігі мен біртұтас жеріміздің тұтастығының кепілі.

Елбасының Жарлығымен бекіп, тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет тойланып отырған осынау мереке елордамыздың биылғы 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс
келіп отыр.

Жауынгер рухты ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрінің заңды жалғасын білдіретін осынау мерейлі күні баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Ізгі ниетпен, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 1 =