АЙБЫНДЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

0 223

Кеше Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназияда Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік жиын өтті.

ERM_9130

Кеңес Одағы батырының есімі берілген оқу ордасы бұл шараға мықтап дайындалыпты. Залдың іші соғыс жылдарын еске түсіретін декорациямен безен­ді­рілген. Солдат формасын киген шәкірттер сол шақтың танымал әндерін шырқап, майдан даласынан сахналық көріністер қойды. Кешке шақырылған ардагерлер оқушылардың орындауында «Кестелі орамал», «Смуглянка», «Катюшаны» тыңдап, кейбіреуі көздеріне жас алды. «Айналайындар, біздің шеккен қасіретімізді сендердің бастарыңа бер­месін!» деп кемсеңдеді қариялар. Басқосу соңында Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева мен мектеп директоры Рәмзия Өмірбаева сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Одан соң жауынгер ата-әжелер дастарханға жайғасып, «Жеңіс тортынан» дәм татты.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + seven =