АГРОСЕКТОРҒА ТИІМДІСІ – ПАЙЫЗСЫЗ КРЕДИТ

0 130

molokozavod

Орталық коммуникация­лар қызметі алаңында өткен брифингке Қазақстанның ет-сүт өнімдері одағының төрағасы Иван Сауэр мен «Зенченко және компания» серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко келді.

Жиында белгілі болғандай, 2013 жылы елімізде сүт өнімдерінің импорттық үлесі 2012 жылмен салыстырғанда біраз өскен. Қазақстанның ет-сүт өнімдері одағының төрағасы Иван Сауэр өнім өндірісіндегі жағдай қалыпты екенін мәлімдеді. Айтуынша, ұсақ және орта тауарлы өндірістің басым бөлігі өнім өңдеу үдерістерінен ажырап қалып отыр. «Ет өндірісі бойынша да еліміздегі жағдай осындай. Бізде ет экспортының әлеуетін 60 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты бағдарламаның қайта қолға алынуы да сондықтан» дейді ол.

Ал, «Зенченко және компания» серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін шаруаларға пайызсыз тауарлық кредит беру қажет екенін алға тартты.

Елімізде Президент бастамасымен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіліп келеді. Қазіргі таңда несие беру мәселесі де қолға алынған. Бұл ретте Генадий Зенченко шаруаларға кредит емес, пайызсыз тауарлық кредит берген жөн деп есептейді.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 9 =