АГРОКЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

0 103

Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен селекторлық режимде өткен отырыста еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Үкімет басшысы «Агробизнес-2020» АӨК дамыту бағ­дарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар бекітілген жос­парлар шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол 2013 жыл­­дың қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін, 2014 жылдан бастап қол­данысқа енетін займдарды ке­пілдендіру мен сақтандыру, ин­вестициялық субсидиялау, сатып алу бағасын кепілдендіру сияқты жаңа мемлекеттік қолдау механизмдерін іске қосу мен ұйымдастыру жылы екенін айтып өтті.

Саланың бүгінгі жағдайы мен жаңа «Агробизнес-2020» са­ла­лық бағдарламасының орындалу барысы және оны жүзеге асырудың тетіктері туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Атап айт­қанда, «АӨК-ті мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есеге арттыру қарастырылады, саланы дамыту жобасын жүзеге асыру кезеңінде 10 трлн теңгеден кем емес жеке қаржы тартылады» деді ол.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 4 =