АГРАРЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРГЕ ЖОЛ АШАР УАҒДАЛАСТЫҚ

0 233

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясы (Пекин қаласы) және Шыңжаң аграрлық университетімен (Үрімші қаласы) арада әріптестікті дамыту туралы келісімге қол жеткізді.

Аталмыш меморандум негізінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында биотехнологиялар зертханаларын ашу, ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау, ауылшаруашылық машиналары мен құрылғыларын жобалау сынды кешенді бағыттарда бірлескен жұмыстар атқарылмақ.

Сондай-ақ, тараптар ортақ зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оларды тәжірибе жүзінде кеңінен енгізуге сөз байласып отыр.

Осы арада ерекше атап өтер жайт, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға Қытай жағынан таңдау түсуі тегін емес. Себебі, аталмыш университет базасында Қазақстан Республикасындағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу институтының негізі қалануда. Бүгінгі таңда екі жақ арасында өзара әріптестік туралы кешенді жұмыс бағдарламасы жасалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − four =