АҒЗА АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

0 116

Астанада ағза ауыстыру операциясының тағы біреуі сәтті аяқталды. Бұған дейін тек республикалық деңгейдегі ауруханаларда жасалып келген күрделі операцияны бұл жолы қалалық №1 аурухананың мамандары сәтті атқарып шықты.

Өткен аптада аурухана­ дә­рі­­гер­­лері­ Ресейдегі Н.­В.Скли­фо­­сов­­ский­ ат­ын­да­ғы­ Же­дел­­ жәр­­­­дем­­ ҒЗИ­ дә­рі­гер­лерімен бір­­ле­­сіп, 55­ жастағы Хамилаш Жұ­­ма­­бе­­ко­ва­ға­ ұлы – 32 жастағы Да­­нияр­дың бау­ы­ры­ның жарты­сы­­н кесіп салады.
«Науқас ауруханаға өте ау­ыр хал­де­ жеткізілді» дейді дә­рі­гер­лер.­

Дене терісінің түсі бұзылып, ағза­сы әлсіреген науқастың ақ­ыр­ со­ңын­да варикоз күре­та­мыр­ла­ры­нан­ қан кете бастайды.

Оған бауыр осыдан екі жыл бұ­рын­ бастапқы билиарлы циррозы­ де­ген диагноз қойылған екен. Ал,­ өт­кен жылдың қазан айында дәрігерлер нау­қас­­тан­ ай­ы­ғу­ үшін бауырын ау­ыс­тырып салудан басқа амал қал­ма­ға­нын айтады.

Қазіргі кезде мұндай опе­ра­ция­ға мыңнан астам қа­зақс­тан­дық­ мұқ­таж­ болып от­ыр.­ Ағ­за­ ау­ыс­ты­рып салу опе­ра­ция­сы­ның­ кенже қалып отыруының бас­ты­ се­беп­те­рін бұған дейін де­ жаз­ған­быз. Ол донор мә­се­ле­сі­мен тікелей байланысты. Сон­дық­тан, аурулардың басым бө­лі­гі шетелдерге жіберіледі.

Шетелде бауыр тран­сп­лан­­та­ция­сының құны 150-200 мың АҚШ долларын құрайды екен.

Ал, астаналық дәрігерлер опе­ра­ция­ны­ бастан-аяқ тегін жа­сап­ шы­ға­ды. Тұрмысы орташа­ отбасы­­ үшін бұл орасан зор көмек бол­ды.
Операциядан кейін қа­ла­лық­ №1­ ау­ру­хана бас­шы­­лығы арна­йы­­ бас­­па­­­сөз­ мәс­ли­­ха­тын өт­кіз­ді. Соңынан нау­қас­ ана мен­ донор баланың өзімен де тіл­дес­тік. Екеуі­ де опе­ра­ция­дан­­ кей­ін ­ара­ға­ ап­та­ салмай ая­ғы­нан тік­ тұр­ған.­

«Өзімнен бұрын ұлымның ден­­сау­­лы­ғына алаңдадым. Жап­­-жас­ болып, өз жанын өзі­ қи­­най­тын­ болды ғой деп ойладым.­ Мұн­дай­ опе­ра­ция арқылы өмі­рім­ді­ сақ­тап қалуға болады де­­ген­­ ой­ үш ұйықтасам түсіме кір­­ме­­ді» дейді Хамилаш ана кө­­зі­не­ жас алып.

Ал, ұлы анасын аман алып қал­­ған­ ақ­ ха­лат­ты­лар­ға­ ал­ғы­сы­ның­ шексіз екенін айта­ды.­ Тр­ан­сплан­тациялық опе­ра­ция­ның өз елі­міз­де, әрі тегін жа­салатынына ри­за­шылығын жеткізді.

Бір айта кетерлігі, «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­­сы іске асы­рыл­ға­лы,­ от­­ан­­дық­ ме­ди­ци­на жос­­пар­лы­­ түр­­де­ ма­ман­дан­ды­рыл­­ған ме­ди­ци­на­лық көмекті да­мы­тып­ келеді. Кеше ғана са­ғым­дай­ болып көрінген іш­кі ор­ган­дар­ды ауыстырып салу опе­ра­ция­сы­ бұл күндері қар­қын ал­ып­ келеді.

Бауыр ауыстырып салу опе­ра­ция­сы Астана қалалық ау­­ру­­ха­­­на­­сын­да­ алғаш рет жа­­са­­­лып от­ыр­ екен. Бірақ, мұ­­ның­ соңғы опе­ра­ция емес еке­ні де анық.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =