АҒАРТУШЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ МҰРАЖАЙ – ӘР ӨҢІР ӨНЕГЕ АЛАТЫН БІРЕГЕЙ БАСТАМА

0 250

музей

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тұңғыш рет Қазақстанның білім тарихы мұражайы ашылды. Аталған оқу ордасының «Астана» атриумында орналасқан бұл мұражай білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың бастамасымен жүзеге асқан.

Мұражайда макеттер, баға жетпес құндылыққа ие скульптуралар, граммафон, мөр, диораммалар, қабырға сағаты, білте шам, сия сауыт, қыл қаламға дейін орын алған. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі: экспозицияға Д.Қам­забекұлы, С.Аққұлы, Н.Белекұлы, К.Ша­рипова сияқты ғалымдардың жеке қорынан   алынған суреттер мен құжаттар алғаш рет көрерменге ұсынылды.

«Бұл – тұңғыш рет ашылған білім та­рихының мұражайы. Сондықтан, оның мәдени-ағартушылық құндылықтарды дәріптеп, сақтауға, өскелең ұрпаққа тарихымызды жеткізуге қосар үлесі мол» дейді оқу орнындағы тарих кафедра­сы­ның доценті, тарих ғылымының канди­даты әрі осы жәдігерлер қорын жасақтау­шылардың бірі Құралай Сейтқазина.

Мұражай құрылымында «Түркі кезеңіндегі VI, VIII, XIV ғасырлардағы педагогикалық ескерткіштер», «XV-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ақындары мен жырауларының ағартушылық көзқарасы», «XIX ға­сырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы Қазақстанда ғылыми педа­гогикалық ойдың туындау кезеңі», «Қазақстанның білім беру мен ағар­тушылық саласына шетелдік ғалым­дар­дың қосқан үлесі», «1917-1990 жыл­дар, Кеңес одағы кезіндегі ғылым мен білім берудің дамуы», «1991 жылдар мен қазіргі кезеңге дейінгі жаһандану жағдайындағы білім беру мен ғылым» секілді тақырыбы өзекті де маңызды бөлімдер бар.

Айгүл ӨЗЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + nineteen =