©2020 Астана Ақшамы
Африка Саммиті бітімгершілікке бейім
АДДИС-АБЕБА. Эфиопия астанасында Африка одағы елдерінің саммиті ашылды.
Аддис-Абебаға жиналған Африка мемлекеттерінің басшылары басты назарды Малидегі дағдарысқа аударды. Бұдан өзге, Судан мен Оңтүстік Судан арасындағы шиеленіс, Конго Демократиялық республикасындағы жағдай да кеңінен талқыланды.
Алқалы жиында Африка одағының басшылығы Малидағы операциялар барысында өзара бітімгершілік кеңістігін кеңейтуді көздейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, саммитке қатысушылар БҰҰ-нан Малидің солтүстігіне әскерилерді тасымалдауға қолдау білдіруін өтініп отыр.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ