Әділет күні аталып өтті

0 254

Елбасы Жарлығына сәйкес, 30 қыркүйек Әділет орган­дары күні болып белгіленді. Астана қаласының Әділет департаментінде бұл мереке биыл алғаш рет мемлекеттік деңгейде аталып өтті.

Салтанатты жиынға Астана қаласының бірқатар орган басшы­лары қатысты. Әділет органдарының өркендеуіне үлес қосқан құрметті ардагерлерге қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың атынан гра­мота тапсырылды. Лайық деп танылғандардың қатарында Нұрия Байзақова, Күлзия Малғаждарова, Райса Курнусова, Ирина Андреевских, Галина Жалпақова және Фатима Мұхаметовалар бар. Ал департаменттің бірқатар жас маман­дары алғыс хатпен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + one =