Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ МІНДЕТТЕРІМІЗДІҢ БІРІ

0 119

аппаратка-2 февраль

Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат кеңесін өткізді. Отырыс барысында елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процедураларын оңтайландыру, сондай-ақ, қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыру мәселелері қарастырылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, елорданың қоғамдық көлігін тексеру барысында біршама көрінеу кемшіліктер анықталды. Атап айтсақ, автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережесін сақтамайды, рұқсат етілмеген жерде тоқтай салады, бекітілген қозғалыс кестесін ескермейді. Ал, автобекеттегі көлік ошаратын орынның тапшылығы, қалааралық жекеменшік  тасымалдау­шылар мен такси қызметтерінің сапасы сын көтермейтіні – өз алдына бір түйткілді мәселе.

Ә.Жақсыбеков айрықша назар аударған тағы бір мәселе – елордалық кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағымды жағдай жасау. Өйткені, Астанада сауда-саттықпен айналысуға ниетті кәсіпкерлерді іріктеу механизмінде жариялылық пен айқындық жоқтығына,  парктер мен демалыс орындарындағы арнаулы алаңдарды уақытша жалға алу мен пайдалану үшін келісім жасау тәртібіне байланысты көп  уәж айтылады.

– Дәл қазіргідей күрделі экономикалық жағдайда біз елорда бизнесінің  дамуы қарқынды әрі тиімді болуы үшін бар күшімізді салуымыз керек, – деп атап өтті Әділбек Рыскелдіұлы.

Астана әкімі, сондай-ақ, басқарма басшыларына мемлекеттік қызмет тізілімін кеңейту, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұрғындардан талап етілетін құжаттар санын азайту бойынша ұсыныстарын уақытылы беруді тапсырды. Ә.Жақсыбеков барлық басшылардан атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтауды талап етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 1 =