Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ: АСТАНА СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛОРДА ЖЫЛНАМАСЫН ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫРДЫ

0 108

sportiki

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков 17-ші жазғы Азия ойындары мен 2014 жылғы өзге де халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті.

Елорда әкімі қаланың атын әлемге асқақтатып жүрген спортшыларға барша Астана тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Әділбек Жақсыбеков, елордадағы спорттың бастауында Мемлекет басшының өзі тұрғандығын айта келе, спорттың барлық түрлері бойынша әлемдік талаптарға сай келетін заманауи нысандарды салу ісіне ерекше мән берілгендігін жеткізді.

2011 жылғы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстардың Астанада өткізілгені осыған дәлел.

Астана әкімі паралимпиадашыларға айрықша алғысын білдірді.

– 12 Азия параойындарында медаль­дар бойынша абсолютті рекорд орнатқан елордалық паралим­пиадашыларға және оларды дайын­даған адамдарға ризашылық білдіргім келеді. Көп жағдайда бапкерлердің еңбегі еленбейді. Бұл ретте Владимир Загородний, Берік Мыржықпаев, Әлия Түсіпбекова секілді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларын атап өткім келеді.

– Сіздерге Астана жылнамасын жарқын беттермен толық­тырған­да­рыңызға және өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді Әділбек Жақсыбеков.

Өз кезегінде кездесуге қатысушылар елорда әкіміне қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіре отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Динара Сәдуақасова, шахматтан 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы әлем чемпионы:

– Астана атынан сынға түсу – мен үшін үлкен мәртебе. 2014 жыл өте сәтті болды. Дурбанда өткен әлем чемпионатының алтын медалі, халықаралық турнирлердегі жеңістер, Дүниежүзілік олимпиададағы сәтті өнерім мені 2.400 рейтингімен Ор­талық Азиядағы бірінші шахматшы дәрежесіне жеткізді. Бұл жеңістерді Қазақстанға және елордама арнаймын.

Данияр Елеусінов, бокстан әлем чемпионы, 17 жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, еңбек сіңірген спорт шебері:

– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа спортқа деген ерекше көңілі үшін алғыс айтамын. Астанада бұл сала одан сайын дами түседі дегенге сенімім мол. Барлық спортшылардың жоспары – алдағы Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарында жеңіске жету.

Әнуар Ахмет, ХI жазғы паралим­пиадалық Азия ойындарының абсо­лютті рекордсмені:

– Паралимпиадашылар атынан айтқым келетіні – біз жаңа белестерді бағындыруды тоқтатпаймыз. Инч­хон­дағы жарқын жеңістеріміз арқылы, мүмкін емес нәрсенің болмайтынын көрсеттік деп ойлаймын. Осы қал­пы­мыздан таймайтын боламыз.

Диас Досқараев, Қазақстан Рес­публикасы Теннис федерациясының атқарушы директоры:

– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында Астанада Ұлттық теннис орта­лығының құрылысы басталғаны белгілі. Ол кезде мен әлі спорттан қол үзбеген едім. Теннис корттары мен турнирлер аз болатын. Сол кездері жүлде қоры қомақты халықаралық турнир – Елорда кубогі қолға алынды. Қазақстан теннисшілері үшін ол халықаралық жарыстарда шыңдалудың бірден-бір жолы еді.

Әділбек Жақсыбеков спортшыларға алғыс хаттарын тапсырды. Елорда спорт­­шыларының өткен жылғы жеткен жарқын жеңістерінің бірі – «Астана»  футбол  клубының Қазақ­стан Республикасы  чемпионатындағы жеңісі. Осы орайда әкім клуб капитаны Танат Нөсер­баевқа арнайы сыйлық табыстап, барша спортшыларға жаңа жеңістер тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + sixteen =