«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әдебиетке «халтурщиктер» керек пе?

0 307

Болат МҮРСӘЛІМ:

– Көркем әдебиетке конъюнктура жүр­мейді. Әдебиетте «конъюнктурщик» деген – «халтурщик» деген сияқты ауыр сөз. Оқырманның ығына жығылып, әдеби ортаның талғамына ыңғайланып жазылған дүниенің әдеби өмірі ұзақ болмайды. Сондықтан жазушылар нарықты зерттесін дегенді аса түсіне қоймаймын.
Әдебиет – жан еңбегі, иррационалды құбылыс, түйсік пен сезімге сүйенеді. Ақын мен жазушының да көздегені басқа. Ал нарықты зерттеп, сегменттеп, өз аудиториясына орайлап жазу көркем әдебиет емес, коммерциялық мақсатқа қатысты айтылған шығар.
Рас, Қазақстанда болмаса да, әлемде кітабын сатып, миллиондап ақша тауып жатқан жазармандар бар. Бірақ әдеби қауым көбіне ондай жазарманды шын жазушы санамайды. «Егер сонша ақылды болсаң, онда неге кедейсің?» деген өлшеммен жазушының деңгейін өлшеуге болмайды. Әр нәрсенің шекарасы бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды