Әдебиет тарихын зерделеді

0 93

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні болып бекітілгені белгілі. Осыған орай, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылым апталығы өтуде. Апталық филология факультетінде де жалғасуда. 

Қазақ әдебиеті кафедрасында 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихын зерделеу және бүгінгі әдеби үдеріс» атты ғылыми семинар болып өтті. Онда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының жетістіктері мен кемшіліктері ортаға салынып, әр томы бойынша баяндама жасалынды. Еңбекті М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесі ұсынған.

– «Қазақ әдебиетінің тарихында» екі жарым мың жылдық әдебиет тарихын қамтуға тырыстық. Оған жаңа зерттеулер кіргіздік. Кітап екі мың данамен «ҚазАқпарат» баспасынан шығарылды, – дейді редакция бас алқасының мүшесі, ҚР ҰҒА академигі С.Қасқабасов.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
магистранты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − seven =