«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Адамзаттың Айтматовы

0 596

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің ұйымдастыруымен Астанада аса көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың Айтматовы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кешке Шыңғыс Төреқұлұлының ұлы Асқар Айтматов, Қырғыз Респуб­ликасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Қапарұлы, Айтматовтың жақын досы, көрнекті ақын Мұхтар Шаханов, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы және басқа да белгілі тұлғалар қатысты.
«Шыңғыс Айтматовтың Қазақстанға деген құрметі ерекше еді. Жазушы өзінің «Боранды бекет» шығармасындағы Едіге – нағыз қазақтың бейнесі екенін баса айтатын.Осыдан он жыл бұрын Шыңғыс Төреқұлұлы Елбасымыздың шақыруымен Қазақстанға келіп, онымен ресми шаралардан кейін жеке сұқбаттасу мүмкіндігі туып еді. Өкінішке қарай, бұл соңғы кездесуіміз екен» деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Шыңғыс Айтматов шығармалары көзінің тірісінде-ақ әлемге таралды. Орыс және қырғыз тілдерінде жазған оның шығармалары әлемнің 150-ден астам тілдеріне аударылды. Классик қаламгер Қырғызстанның және Қазақстанның халық жазушысы, саяси қайраткер, дипломат болды.
Ш. Айтматовтың шығармашылығы мен тұлғалық қасиеті сөз болған кеште жазушының драмалық шығармалары мен кітаптарының желісі бойынша түсірілген кинофильмдерден үзінділер көрсетілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды