Адамның он екі мүшесі

0 1  941

Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уа­қыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай ем­­шілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты ендігін айғақтайды. 

Көне заманғы ха­лық емшілері адам­ның он екі мүшесінің әр бөлігі тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі денгейіне ауытқып, ылғи алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі заманауи медицина ілімінің өкілдері де мойындайды. Осынау ғылыми тұжырымдама бойынша адам­ның он екі мүше­сінің, яғни, қызмет жүйесінің әр бөлігінің тәуліктегі күш-қуаты мынадай:
1. Таңғы сағат 3-5-тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады.
2. Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.
3. Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.
4. Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің және талақтың қуаты еселеп артады.
5. Сағат 11-ден 13-ке дейін жү­рек­­тің қызметі айрықша кү­шейе­ді.
6. Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін ащы ішектің қуаты барынша артады.
7. Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.
8. Сағат 17-ден 19-ға дейін бүй­ректің қуат көзі ерекше күшейеді.
9. Түнгі сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.
10. Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш-қуаты таси ды.
11. Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауыр­дың қуаты шарықтау шегіне жетеді.
12. Тек 12 сағаттан кейін әр мүше­нің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады.
Он екі мүшенің күш-қуаты шарықтау шегіне жеткенінде сол мүшенің ауруы да асқынады, адам қатты қиналады.
Көрдіңіз бе, он екі мүшенің қабы­нуы, қалпына келуі 12 сағаттық мер­зімге байланысты.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =