Адами капитал – жаңғыру негізі

0 25

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Bilimmen bolis» жобасын жандандырды. Бұл жобаның мақсаты – сапалы деректерді қазақ тілінде тарату. Кездесу қонағы Bilim Media Group компаниясының басшысы Рауан Кенжеханұлы «Адами капитал және еңбек нарығындағы жаңа қабілеттер» тақырыбында дәріс оқыды.

263437959_1560425134311623_5621445443131416428_n

Жиналғандар лекция барысында еңбек нарығының соңғы зерттеу­лері, білімді жастардың жұмыс таппауының себебі, сұраныстағы маман болу үшін керек қабілеттер, адами капиталды арттыру жолдары жайлы пікір алмасты. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар туралы айтылды. Кездесу соңында қонаққа түрлі сұрақтар қойылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =