АДАМДЫ ЕҢБЕК АСЫРАЙДЫ

0 159

Елбасының көпбағдарлы ұстаны­мы, үлкенді-кішілі елдермен қа­рым-қаты­на­сы сыртқы саясатта же­­міс­ті болып келеді. Соның нақты нә­тиже­­сі болар, қазақ­­қа «мен са­ған жаумын» деп тұр­ған ел жоқ. Қым-қи­­ғаш, қырық пы­шақ, мына за­­ман­­да дүниежүзілік саясаттың жық­­­пылынан жол тауып отыру да оңай­ емес. Оңай болмаса да, біз содан жөн та­­уып, ел бағдарын дұрыс ұстап тұр­­ған­даймыз.

Енді, міне, ел ішіне де бетбұрыс, ха­­­­­­лық тұрмысын жақсарту мақса­ты­ да­­ алға шығарылып отыр. Ел­­ба­­сы­­­­­­ның «Қа­зақ­станның әлеумет­тік­ жаң­ғы­р­­­ты­л­уы: Жалпыға Ор­тақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» ат­ты ма­­қа­ласында ай­тыл­­ған өзекті мәсе­ле­лер осыны діттейді. Еңбек қоғамына 20 қа­­дам жасау саясатын Елбасы Нұр­сұл­­тан Назарбаев негізсіз көтеріп отыр­­ған жоқ. Мұндай қадамға басу үшін ал­ғышарттар жасалды, енді соны жү­зеге асыра бас­тау керек дегенді алға тартып отыр. Яғни, елімізде әлеуметтік са­ла­­лар­­дың жаңғыртылуы, халыққа әлеу­­мет­тік-тұрмыстық жағдайдың жақ­­сарты­луына соны серпіліс береді де­ген сөз.

Әлбетте, бұл іс өздігінен бола қал­­­май­ды, не мұны әлдеқайдан ке­­ліп бі­реу жасап бермейді. Оны біз өзіміз жасауымыз керек. Бізді қоғам құбылысы кезін­дегі өтпелі кезең, өліара шақ тұ­­­сын­­дағы ауыртпалықтардың тұ­йық­­­­­­қа тіреп, еңсе көтертпей тас­­­та­ға­ны рас. Жөн таппай теріс жол­­­ға түскендер де аз болған жоқ. Жұмыс­сыз­дық, күйсіздік талай­дың жүйкесін жұқартып келді. Қыл­мыс белең ал­ды. Әлеуметтік жік­­те­ліс өр­шіп кет­ті. Көптің азға тә­­уел­­­ділі­гі, жоқ­тың­ барға кектенуі ‒ қарақшылыққа, тонау­шы­лық­қа, ұр­лыққа жол салды.
Біз қазір бұдан өттік. Ел ес жи­на­­ды:­ жаңа қоғам, нарық заңы де­­ген­­­­ді жұрт­шылық түсіне бас­та­ды; күн­кө­­­ріс қамының жолдарын тауып, дағ­­­­да­­ры­стан шығып, ма­сыл­дықтан ары­лып, еңбекке бет бұрды. Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақ­тап» де­ген сөзі рас екен. Ел «Еңбекті сат, ар сатып неге керек?» де­ген сөзге тоқтады. «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дегенді ұқты. Маң­­­­дай­ тер­ле­­се – таңдай жібитінін білді. Бұл күнде елдің біраз жұрты ба­­қуат­тылыққа, өзін-өзі қамтамасыз ету­ге қол жеткізді. Бұл – тек еңбектің ар­қасы.

Қай заман, қай қоғамда да еңбектің қадірсіз болған кезі жоқ. Өйткені, еңбек – асыраушы.

Осы орайда, Елбасы нұсқаған 20­ қа­да­мды жеке дара кісілер ға­на емес, бү­кіл Қазақ елінің жұрты, бәрі­міз бір­дей бар салада жасауымыз керек­. Өйткені, барлық іс бір-бі­ріне сабақтас, бірін­сіз­ бірі ілгері баса алмайды. Ең­­­­бек­ қоға­мы­на би­­лік дұрыс қарап, әділ басқарса, тау­­ды бұзып, тасты жа­­ра­­тын жұ­­мыс­­­­шы қол бай­тақ да­ланы еңбек да­бы­лына кенеп, берекені белден келтірері сөз­сіз. Жұртымызды ырыз­­­дық­­қа ке­­­нел­­­­те­міз де­сек, үлкен­ді-кішілі билік тіз­­гі­нін дұрыс ұстап, ұйымдастыру ісін же­тіл­діру қажет. Әлбетте, ол талантты, талапты, іс­кер адамдардың ғана қо­лы­­нан келмек. Бұл тұста сондай қабілет­тілер ал­­ға түсулері, түсірілулері керек. Бұл­ – ­­шешуші жағдай.

Халық даналығында қай істе бол­сын,­­ талантты, яғни белгілі бір іске де­ген айырықша қабілеттілікті бір па­йыз ғана деседі. Нәтиженің қалған 99 пайызы еңбектің үлесінде екен. Таланттылық тек ақын-жазу­шы­лықта, не­ өнер саласын­да ғана емес, қай­ мамандық иесінде болсын, бар. Ин­­же­­нерлікте ме, құрылыс­шылықта ма, диқандықта ма, бәрі-бәрінде де талант­­ты адамдар болады. Мәселен, Тоқтар Әубәкіров – талантты ұшқыш. Ұшқыш көп, олар­дың бәрі де оқыған, білімді, техникалық тұрғыда сауатты-ақ. Алай­­­да, солардың арасынан әс­­ке­ри «Су» ұшағын толқыған те­ңіз бетіндегі кеме айлағына қон­дыру ал­ғаш­ рет Тоқтардың ғана қолынан келді. Бұл – оның өз ісінің білгірлігінің айғағы. Сол үшін де ол Батыр атағын алды. Кейін ерекше қабілетіне сай ғарыш­кер болды. Халық қаһарманы атанды. Егер­ ол талантты болмаса, со­ған­ қоса із­ден­гіш, еңбекқор болмаса, оған мұн­­дай бақты ешкім сыйламас та еді. Өре­лі биікке ол жүздеген, мың­­да­ған қа­тар­ларының арасынан тас­жар­ған­дай жарып шықты. Жарық жұлдызға айнал­ды.

Мектепте бірге оқыған Аңсаған Қоң­­қа­баев деген досым болды. Беске оқы­­ды, мектепті алтын медальмен бі­ті­р­ді. Ол кезде оған емтихансыз қа­­­ла­­ған оқ­у­ға тү­су­ге орын даяр-ды. Алайда, ол оқуға да бармай, жеңіл-жел­пі қыз­мет­ке де бұрылмай, ол кезде онжылдық біліммен-ақ әжептәуір қызметкер болуға да мүмкіндік бар-ды,­ шопан болды. Қарт әкесінің ота-рын алып, құрық ұстап, қой бақты. Қой­­ баға жүріп, ой да бақты. Семей зоо­ветеринарлық институтына сырт­тай оқуға түсіп, диплом алды. Қоғам­дық­ жұмысқа да белсене араласты. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, КПСС ХХІV съезінің делегаты, Одақтық дәрежедегі ордендердің бә­­­рін иеленді. Бөлімше зоотехнигі, бас­­­қару­шысы, шаруашылықтың бас­ зоо­­­тех­нигі, совхоз директоры болды. Еңбектен тартынбайтын, шар­уа­­шы­лық­тың таусылмайтын қол жұмысына көппен бірге кез келген отарда кірісіп кететін. Ал, білімділігі мен зерек­ті­гі ғажап-ты. Қой бағып жүргенінде сұ­­­рай қалсаң, химия формулаларын жат­­қа айтып, алгебра есептерін еркін шы­­­ғара беретін. Азаматтығы болса, кішіге – аға, үлкенге – іні болудан, ел-жұ­р­­тына қамқорлықтан айнымаған еді. Әттең, өмірден ерте кетті.

Ән бибісі Бибігүл Төлегенованың консерваториядан бұрын Се­мей­­дің кон­сер­ві зауытында жұ­мыс істегенін білеміз. Роза Рымбаева­ның таланты кәсіптік-техникалық училищенің оқу­­шы­сы кезінде бүр жарғаны мәлім. Бұл екі әншіні де таланттарымен қа­тар­, ізденіс, ең­бек­­тенулері шыңдап, да­­ра­­лаған.

Біз көбіміз демеусіз, сүйеусіз шы­ғу қиын, нәтижеге жету мүм­кін емес­тей­­ көреміз, солай деп заң­­ды­­лық тұр­ғы­­сы­н­да санаймыз­ да. Ал, Елбасы Нұр­сұл­­тан Назар­­баев­­­­тың өмір жолына қа­­ра­­­­са­­ңыз,­ ол өзінің іскерлік, ұйым­­дас­­ты­­­ру­­шылық қабілетін өзгелер­ге,­ яғни, биліктегілерге алдымен еңбек­кер­лігімен мойындатқанын көреміз. Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қо­­­наев, Қаныш Сәтбаевтардай ақыл-ой алып­тарының өмір жолда­ры­на зер салсақ та, керемет еңбек­кер­лік­те­ріне тәнті боламыз.

Талант өзі тас жарып шықпайды, сол талантын еңбекке пайдалана білген ғана тас жарады, мақсатқа жетеді. Әрі бұл жолда өмірдің қай саласында, қай мамандықта, қандай жұмыста болуың шарт емес. Бар істе, бар салада жақсы азамат, қабілеттті маман болып танылуға болады. «Ерінбеген – етікші, ұялмаған ‒ өлеңші болады» деген сөздің өзі өнерді  игерудегі бейнетті мезгесе керек. Еңбексіз, толғақсыз жақсы маман, қызметкер, жұмысшы, ел сыйлайтын азамат болу мүмкін емес. Тіпті, әлдеқалай байып кетсең де, кәсіби ісіңді келістіре алмасаң, кісілігің болмаса – бәрібір ел құрметіне бөленбейсің. Өйткені, байлығың – баспайдаң ғана да, ал құрмет болса – елге жасаған ізгі ісіңнен құралады.

Мұндай айрықша тұлғалар ғана емес, қарапайым еңбек адамдары арасында да қастерлі істерімен ел құрметіне бөленгендер аз ба? Жазылбек Қуанышбаев, Зылиқа Тамшыбаева, Кәмшат Дөненбаевалардың өнегелері бұған айғақ.

Сонау шалғай түкпірдегі Торғай да­­­ла­сында Кәкімжан Карбозов де­ген­ ел ағасы бар. Тәуелсіздіктің ал­ғаш­­­қы­­ жылдарындағы ауыр кезеңде бұрын өзі басқарып келген бөлімшені ыдырат­пай, ауылын бостырмай, же­­ке шар­уа­­шы­лық­ құрып, қол қу­сы­рып­ отырып қалған жұртқа өнеге көрсет­ті. Зейнет жасына келген соң ол шаруашылық тізгінін ұлы Манат Карбозовқа ұстатып, өзі ақылшы бо­лу­­да. «Көлқамыс» атты бұл ауылды қазір көрсеңіз, еңбек берекесінің құдіретін түсінгендей боласыз. Мұн­да­­­ғы­лар молшылықты өздеріне өздері жасап отыр. Барлық үйде береке, маң­дай­ термен келген игілік.

Әлбетте, көпшілік еңбектен тай­сақ­­­та­майды, еңбек еткілері, бере­келі от­­басы болып, жақсы өмір сүргілері-ақ­ келеді. Алайда, сол шар­уа­сының үйл­е­­сі­­мін таба алмай жататындары да жоқ емес. Олар белгілі деңгейде билік тарапынан қолдау, сүйеу керексінеді. Еңбек қоғамына қадам жасау дегеніміз­дің өзі де еңбек адамдарының осындай істеріне демеу болу, жағдай жасап, жол ашу болса керек.

Енді бір көңіл бөлер іс, игі баста­ма­­ның насихаты жақсы-ақ жүріп жа­тыр, алайда, нақты не істеліп жа­тыр, қай жерде қандай қадам жа­сал­ды деген­ді, яғни нақты істі өне­ге етуді қол­ға алу керек. Сөзіміз сон­да өтімді бол­мақ, игі­­ іс сонда өрістемек. Бізде, жер­гі­лік­ті жер­де білікті басшылық пен же­­тік ұйымдастыру жағы жетісе бер­мей­­ді. Осындай жағдайлар бұқа­ралық ақ­парат құралдарының на­­за­ры­на алын­са, сынға түссе, аб­зал болар еді. Шы­н­айы нәтижеге же­ту үшін түрлі оралымсыздықтар мен оралғыларға қарсы күрес те болуы керек. Түйіндей айтсақ, бұл­ – алғышарты бар қадам, көпке тү­сінік­ті-ақ  бастама, оны жалаң на­си­­хат­тай беруден гөрі, енді нық ба­сып, ілгері аттау, іске кірісу қажет. Ал, кәне, не істелді деген сұрақ қо­йы­­л­уы керек те, соған нақты жа­уап берілсе деймін. Ілгері басу, әлеуметтік жаң­ғыртылу сол болмақ.

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫ,
жазушы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 15 =