Адам өзінің кім екенін білгені жөн

0 174

Әкім Тарази, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Мен өз­ім­ді­ ешқашан аяған емеспін.
Кезінде жыртып тастаған шы­ғар­ма­ла­рым­ да­ болды. Оған өк­ін­­беймін де. Бастысы – мен өз шы­ғар­ма­ла­ры­ма­ басқа бір кісінің көзімен қарай алдым.

ӘР КІТАПТЫҢ ӨЗ ОҚЫРМАНЫ БАР

– Әкім аға, сіздердің шы­ғарма­­­­­ла­­­­­­р­­ы­­­­­­ңыз­­­­­бен­­­ жар­­ты­ ға­с­ыр­дан­­ бе­­­рі­­ та­лай­ бу­ын­ тәр­бие­лен­ді. Сіз­­­­дің­­ ал­ғаш­қы­ «Құй­рықты жұл­­­­­дыз»­­­­ ат­ты­ кі­та­бы­ңыз­ осы­­дан­­­­­ қы­рық­ се­гіз­ жыл бұрын жа­­р­­ық­­­­ көр­ген­ екен. Ол кез- де әде­би­­­ ах­уал өте басқаша еді әрі әде­­­­б­и­­­­­е­­­­т­і­­­­м­із­­­дің­­­ Ға­бит­ Мү­сірепов, Сәбит Мұқанов сияқты алып­та­­­ры­­ның көзі тірі болатын. Ол кезде жарық көрген дүниелер ха­лық­тың да, әдебиетшілердің де­ назарынан тыс қалмайтын. Сіз­дің алғашқы кітабыңызды оқ­ыр­ман қауым мен әдеби орта қа­лай қабылдады?!.

– «Құйрықты жұлдыз» – менің тұң­­­­ғыш­­­­ про­­за­­лық­­ шы­ғар­мам.­ Мен­­­ әд­е­­бие­т­тен­ бұ­р­ын­ киноға кел­­­­ген­­­­ ад­ам­­мын.­­ 19­62­ жы­лы ­Мәс­­­­кеу­­­­ден­­­ оқу­­­ бі­ті­ріп­ кел­дім.­ 19­­64­­ жы­­­лы­­ «Тұл­­­­пар­­дың­ ізі»­ де­ген­­­­ фильм­ шық­­ты.­ Сол киноның сце­­­на­­­ри­­йін­­ жаз­­дым.­­ Режиссері – Мә­­­ж­­ит­­­­ Бегалин.­ Бұл менің ал­­­ғаш­­­қы­­­ шығармам еді. Ал, пр­о­за­­­шы­­­ ре­тін­де­гі­ өмірім, өзің айт­қан­­дай,­ 1966 жылдан басталады. «Құй­рық­­ты жұлдыз» – мен үшін өте­ қым­­бат­ дүние. Бір ғажабы, өт­­­кен­­­ жыл­дың­ бірнеше айын өзі­­­ме­­­ арнап, осы­ күнге дейін жа­­­­з­­ыл­­­­­ған­­­ бар шы­­­ғар­­ма­­ла­­рым­­ды­­ оқ­ып­­ шықтым. Сын көз­бен. Мен өз­­ім­­ кейде әз­іл­­деп ай­та­мын:­ Әкім­ Та­рази бар да,­ Әкім Әші­мов­ бар­ деп­. Әкім Әш­і­мов­ деген­ еш­кім­­ді­ ая­май­тын­­ қа­тал­ сын­шы да,­ Әкім Та­ра­зи­­ жүрегі жұмсақ жа­зу­шы.­ Бар шы­ғар­ма­ла­­рым сол­ Әш­імов-тің­­ көзімен оқыл­ды. Ол­ар­дың­ іш­ін­де көр­кем­ шы­­ғар­­ма­­­ла­р­­­мен­­ қа­­тар­­ пье­са­­ла­рым­ да, ки­но­сце­на­рий­­ле­­рім­ де бар.­ Сол «Құйрықты жұл­дыз­ға» қа­­зір­­ мен қанша жерден сын көз­бен­­ қа­­ра­­ға­­ным­­­мен,­ о­л­ бә­рі­бір ­ме­­­нің­­­ барлық шы­ғар­­ма­­­л­а­­­рым­­­ның­­ ана­­сы­­ болып­ қа­ла бер­мек. Ол шы­ғар­­­ма­­ны қа­зір­гі Әк­ім­­ Таразиға қы­­с­ыл­­май­­ оқы­ту­ға­ бол­а­ды деп ой­­лай­­мын.­­ Шы­ғар­ма­ла­­р­ым­­ды ха­л­ық­ та,­ әде­би­ет­ші­лер­ де­­ жылы қа­был­да­ды.­

– Сын туралы айтып қал­ды­ңыз.­­­ Сіздің сыншы ретінде бел­гі­­­­­лі­­­­ бір­ тұлғаларға сын айтқан ке­­­­­­з­­­і­­­­­­ңіз­­ болды ма?

– Шынымды айтайын, мен кә­сі­­би­­ сыншы емеспін. Маған та­­лай­­ аға­­лар­ мен­ іні­лер­ден­ де­ ұс­­ы­­ныс­­ бол­ған. Өздерінің кі­тап­та­­р­ы­­на­­ ре­­­цен­­­зия­­ жазып бе­ру­ім­ді­ өт­ін­­ген­­ кезінде. Бірақ, мен ол­ар­дың­­­ өті­ніш­те­рін­ орындамадым. Се­бе­бі,­ ме­нің­ қолымнан кәсіби сын­­­шы­­лық­­ келмейді. «Казахстан­ская­ прав­­да»­ газеті маған бір жолы «Өзі­ңіз­ туралы қандай пі­кі­рі­ңіз­ бар»­ деген сұрақ қойды. Сон­да­ мен­ оларға: Жазушы есе­бін­де өзім­ туралы айтпаймын, бір­ақ мен Ұлы сыншымын дедім. Ол жер­де­ мен өзімді дәріптеп от­ыр­­ған­ жоқпын ғой. Сол себепті осы сөз­ді­ айтуға хақым бар шығар деп ойлаймын. Егер Әшімовтің кө­зі­мен­ қараған жағдайда да еш­қан­дай­ шығармамды сызып тас­тау­ға­ дәтім шыдамас еді. Негізі, әр­ кітаптың өз оқырманы бар.­ Енді бір шығармаңды біреуі ұнат­са,­ екіншісі ұнатпауы мүмкін. Мен жас кезімде лирикалық шы­ғар­­ма­­ларды көп жаздым. Оның кө­бісі махаббат туралы болды. Ме­­­­нің­­ оқырмандарым әлі күнге дей­­ін бар. Олардың көбісінен хат алып тұрамын. Бірақ, кейінгі Тарази мүлде бөлек болып кетті. Адам өзіне сын көзбен қарай бі­луі­ керек деп ойлаймын. Мен өз­ім­ді­ ешқашан аяған емеспін. Кезінде жыртып тастаған шы­ғар­ма­ла­рым­ да болды. Оған өкін­­беймін де. Бастысы – мен өз шы­ғар­ма­ла­ры­ма­ басқа бір кісінің көзімен қарай алдым. Мысалы,­ мен­ көлемді роман жаздым бұ­ры­ны­рақта. Соны алып баспаға бар­ғанымда, олар шығарманы қа­былдай қоймады. Ішінде өндіріс та­қы­ры­бы қамтылмаған деген сылтау айтты. Баспа директоры, атын атамаймын, кертартпа кісі еді. Адам ретінде жақсы негізі. Бірақ, әб­ден­ партияның заңынан қорқып қалған, өте сақ адам еді. Сөйтіп, ол бір кітабымның атын «Басынан Қаратаудың…» деп қойды. Жазушы өзінің кітабына осындай ат қоя ма?! Жоқ. Екін-­ші­сі «Кен» деп аталды. Осы романға мен ама­л­сыз­дан­ өндіріс тақырыбын кір­гіз­дім. Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Кеннің» атын өзгертіп, іш­ін­дегі кейбір тарауларды қайта қарап, кітап қылып шығардым. Атын «Шер» деп қойдым. Басқа шы­ғар­ма­ла­ры­ма­ қол тигізген ем­ес­пін. Ал, баспа директорына еш­қан­дай ренжіген жоқпын. Ол кезде ренжитін за­ман­ болған жоқ. Мысалы, талан­т­ты ақын Мұқағали Мақатаев қай­ғыдан­ кетті. Себебі, көзі ті­рі­сін­де кітабын шығара ал­ма­ды. Өле­рі­нен екі жыл бұрын ғана бір том­ды­ғы шықты. Бірақ, оны­ алып тынған сол ішқұсалық еді.­

ЕШКІМДІ АЯМАЙТЫНМЫН…

– Сіз бір кездері классикалық қа­­­зақ­­­ киносы «Қыз Жібекті» сы­­на­­ған­ екенсіз. Оған не се­беп­­­ бол­­ды?­ Бұл жазушының ер­­­кі­­нен­­ тыс­ нәрсе болды ма, әл­­де­ өзіндік пі­кі­рі­ңіз осындай ма­ еді?

– Мен ол кезде «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы­ бо­латынмын. Менің сыным ор­ын­ды­ болды деп ойлаймын. Кинода Төлегеннің басында үкі бар,­ ал­ жі­­гіт­­ ад­ам­ басына үкі тақ­пай­ды.­­ Төлеген – батыр адам. Ба­тыр­­дың­ ба­сында дулыға болады. Ду­лы­ға­ның­ басына үкі таққанды кімнен көрдің?! Режиссері Сұлтан Қо­жы­қов Төлегеннің басына үкі тағып киноға түсірді. Ал, екінші айтқан сыным, Төлегеннің рөлі туралы еді. Төлеген, негізі, батыр жігіт. Ал, Төлегеннің рөлін ой­на­ған Құман Тастанбеков қыз­ сияқты биязы еді. Кинода жі­гіт­тен ешқандай батырлық нышан бай­қалмады. Соны сынадым. Бі­рақ, сол сынымның біреуіне ға­на­ осы күні өкінбеймін. Үкі тура­лы­ айтқаныма. Осы күні Құман інім­ді­ көргенде барлығы да заңды сияқ­ты­ болып тұрады. Оның үстіне ада­ми­ қарым-қатынасымыз бар. Сол­ менің бастапқы пікірімді өз­гер­тіп­ жіберді. Мен Киногер­лер­ одағының он жыл бойына бі­рін­ші­ хатшысы болдым, басшы ре­тін­де өте қатал едім. Ешкімді ая­май­тынмын. Ал, сол кездері ки­но­сту­дия­ның басшылық қызметінде бол­ған Камал Смайыловтың мі­не­зі жібектей еді. Ол Мәдениет ми­нис­трінің бірінші орынбасары­ болды, кейін министр болды. Мі­не,­­ сол кездері қазақтың клас­си­ка­лық кинолары түсірілді. Бұл – шындық, мен мақтанайын деп отырған жоқпын. Кезең солай еді. Мәжит Бегалиннің «Тұлпардың ізі» деген фильмі болды. Оның сценарийі – менің дипломдық жұмысым. Жарықтық, бір сөзіме тиген жоқ. Мәжит ағамызды өте жақсы көретінмін, жек көріп ке­ту­ден­ қорықтым. Әлгі киноны­ қа­зір­ге­ дейін көрген сайын қызығамын. Сол киноны түсіріп біткен соң ре­дак­цияда отыр едім, Мәжит аға­ келді. Мені Бүлкілбай дейтін. Жа­рық­тық, бір қолы шолақ еді ғой,­ сол қолымен мені қапсыра құ­шақ­тап:­ «Әй, Бүлкілбай, жүр киноны көр», – деді. Бірге отырып көрдік. Ке­ре­мет­ ұнаған еді. Ол киноның тү­сі­ріл­геніне қырық жылдан асты, оның көркемдігі енді ашылып келе жатқан сияқты.

– Мәжит ағамыздан басқа ре­жис­серлермен байланысыңыз қалай болды?..

– Шәкен Айманов та мені «Бүлкілбай» деп кетті. Абдолла Қарсақбаев ылғи «Бауырым» дей­­тін.­­ Ал, Сұлтан Қожықов мен­­ қанша сынасам да, көнтерлі адам­ еді. Кешіре білетін. Ол кісі­­ обкомның бірінші хатшысы ту­­ра­лы­ кино түсірді сол кезде.­ Мен­ соны қатты сынадым. «Қыз­ Жібегі» өз алдына. Соған рен­жі­ген­ жоқ қой. Нағыз азамат еді. Қа­­зақ­­ ки­но­сын­дағы осы төрт кі­­­сі­­­мен­­ ер­ек­ше­ қатынасымыз бол­ды.­ Өк­і­ніш­ке қарай, әлі күн­ге­ дей­ін­ бұларды ешкім басып оз­ған­ жоқ.­ Ақан Сатаевтың «Жау­жү­р­­ек­ мың баласы» көңілден шы­ғады. Сол бала ғана сіресіп қал­­ған мұзды жарды ғой деп ой­лай­­мын. Сынайтын жерлері де­ бар. Бірақ екпінді, керемет шы­ғарма. Сынай алмайсың. Мысалы, Лев Толстойдың «Соғыс пен­ бейбітшілік» деген атақты шы­ғар­ма­сынан да кемшілік табуға болады. Бірақ, оқи келе кемшілік таппайсың. Өткенде бір телеарнадан Израильдің бір жазушысы Толстой туралы бөсіп отыр. Оның­ ойынша, Толстойдың әлгі шы­ғар­ма­сын­да­ қысқартатын жерлер­ көп­ екен. Егер әлгі еврейдің шы­ғар­ма­ла­рын­ қысқартса немесе тү­гел­ жоқ қылып жіберсе де, оны­ еш­кім­ іздемейді, бірақ Толстой­ де­ген­ мәңгілік қой. Гомерді сы­нау­ға болмайды. Мәселен, халық шығармаларын қалай сынайсың. Біздегі «Қырымның қырық ба­ты­­рын»,­ «Манасты» сынауға құ­ді­ретің жетпейді. Фирдоуси де­ сондай. Орыстың ұлы жазу­шы­сы­ Чеховты сынағандар көп бол­ған­ кезінде. «Өзі өлмей тұ­рып,­ шығармалары өледі» деген­ ұш­қа­ры­ пікірлер айтылған. Бальзакқа екі­ мың­ ал­ты­ жүз сын мақала жа­­з­­ыл­­ған.­­ Олар газеттерге кари­ка­ту­ра­мен­ шығып тұрған. Ал, ен­ді­ одан бері талай уақыт өтті. Та­р­их­­та­­ Баль­зак­ қалды. Әлгі Бальзак­ты­ сынаған «мықтылар» қайда ен­ді!..­ Жоқ. Солар кезінде мықты сын­шы­лар­ болып есептелген. Сон­дық­тан, сыншы деген алдымен бір­де­ңе­ жазар алдында өзі туралы ой­ла­нуы­ керек. Өзінің кім екенін ұм­ыт­па­ға­ны­ дұрыс.

МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАН ҮШ РЕТ БАС ТАРТТЫМ

– Сіздің «Мені екі-ақ досым­ сат­­қан­­ жоқ. Олар Сайын Мұ­р­ат­­­бе­­ков­ пен Зейнолла Се­рік­қа­­ли­ев»­ деген сөзіңіз бар. Бұл­ сөз­ді­ не­ үшін­ айттыңыз? Сіз­ді­ сат­­­­­қан­­­дар­­­ бол­­ды­­ ма­ сон­да?­­ Өз­­­і­­­­­­ң­із­­­­ адами достықты қалай ба­­­­ғ­а­­­­лай­­ аласыз және достықты қан­­­­ша­­­­лық­­­­ты­ сақтай ал­ды­ңыз?!.­

– Мен кейіннен осы сөзіме қат­ты­ өкіндім. Камал Смайылов­ екеу­міз де керемет дос едік. Мен ша­малы бұзықтау болдым, партия жиналысында кім болса да жақ­паған әрекетін бетіне айтып тастайтынмын. Ал, Камал жар­қыл­дап жүре беретін, көп нәрсені көңіліне ала бермейтін. Еш­уа­қыт­та­ маған қарсы сөз айтқан емес. Бір күні мен партия қатарынан шығып қалдым. Шығарып жіберді. Ол кезде Қазақстан Киногерлер ода­ғы­ның бірінші хатшысымын. Сол кезде Камал досым мені жақтап, пар­тия­ның­ қау­лы­сы­на­ қарсы шық­ты.­ Алматыда Фрунзе ауданы деген болды, сол аудандық партия ко­ми­те­ті­нің­ жи­налысында Камал та­ғы­ да соларға қарсы сөйледі. Сол­ кезде ол бюро мүшесі еді. Өзі­не­ қауіп төніп тұрғанын еле­мей,­­ менің партиялық билетімді қай­та­рып­ алып берді. Камалдың мұ­нысы ерлік еді, әрине. Жазушы Амантай Сатаев деген досым болды, бірге жүрдік. Ешуақытта сатқан емес. Адал жігіт еді. Бірақ, арамызға бір достарым сөз тас­тап,­ Амантайдың көңілін менен қал­дыр­ды­. Олар үшін мен Амантай ту­ра­лы­ айт­па­ғанды айтыппын, іс­те­ме­генді істеппін. Амантай до­сым маған сол үшін өкпелеп, он жыл менімен қатыспай қойды. Бірақ, дүниеден өтеріне екі ай қалғанда екеуміз қайта татуластық. Сол ғана кө­ңіл­ге медеу.

– Кез келген қаламгер ке­ме­­лі­­не­­ кел­ген шағында Мем­ле­­кет­­тік­ сый­лық­қа­ ілігу дода­сы­на тү­се­ді.­­ Атақта тұрған еш­те­ңе жоқ­ болуы да мүмкін. Бірақ, сый­­лық­­­тың өзі адамдар арасына­ от­ тастайды кейде.­ Сіз екі рет Мем­­лекеттік сыйлыққа түсіп, со­ңынан екі ағаңызға жол­ берген­ ек­ен­сіз. Сол аға­лар­ кім­дер еді, сол туралы ай­ты­ңыз­шы…

– Мемлекеттік сыйлықтан үш­­ я­ Әу­е­зов­­тің­­ шы­­ғар­­­ма­­­сы­ның­­ же­л­і­сі­мен­ «Қа­раш­-қараш оқи­ға­сы» деген ки­но­ тү­сі­ріл­ді. Сценарийін мен жаз­ған­мын.­ Сол жылы әртіс Сүй­мен­құл Чоқ­мо­ров­ты, оператор Қы­дыр­а­лиев­ деген жігітті (атын ұм­ыт­тым),­ мені киностудия Мем­ле­кеттік сый­лыққа ұсынды. Сонда мен өз­імді әлгі тізімнен сызып тас­та­дым. Лайық емеспін деп ой­ла­­дым.­­ Кейіннен білдім, мен екі жігіттің обалына қалыппын. Авторы болмаған жерде фильм­ге сыйлық берілмейді екен. Сосын екі рет өз еркіммен бас тар­тып, аға­­лар­ға­ жол бердім. Ол кезде­ мен Жазушылар одағының хатшысы едім, алуыма болатын еді. Бірақ бел­гі­лі­ ағалар менен сұранған соң,­ сөздерін аттап кете алмадым.­ Атақты ақындар, бірақ аттарын ай­та­ алмаймын. Ұят болады. Есесіне екі рет құлатты. Бірақ сол маған жақсы болды. Егер ертерек алсам, жынданып кетуім де мүмкін еді. Сөйтіп, алпыс тоғыз жасымызда Мемлекеттік сыйлықты алғанбыз. Ештеңеден құр қалған жоқпыз.

– Сайын Мұратбеков до­сы­ңыз­­ қайтыс болғанда сіздің ер­­ек­­ше­ тол­қы­ныс­та­ бол­ға­ны­ңыз­­ды бі­ле­міз. Бұл – бір аяулы дос­­тық­­тың­­ белгісі еді. Қазіргі жа­­­з­у­­шы­лар­­­дың­ арасындағы дос­тыққа, ад­ал­дық­қа­ деген көз­қа­­ра­­сыңыз қан­дай?!.

– Біздің заманды да «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп айтуға болмайды. Біріншіден, біз жазушымыз. Ал, әдебиет – ұлан-асыр бәйге. Шығармаң – сол бәй­ге­ге­ қосқан атың. Кім болса да аты­ның­ бәйгеден озып келгенін қа­лай­ды. Жазушылар арасындағы дүр­да­раз­дық осындайдан бастала­ды.­ Оның болатыны заңды да. Бі­рақ,­ адамшылықтың шеңберінен шық­пау­ керек. Ешкім Құлагер де,­ Батыраш та болмаса дейсің. Сат­­қын­­дық­ деген де болмауы ке­рек.­ Біз әдебиетке ақыны бар, жазу­шысы­ бар, сыншысы бар, от­ыз­ шақты адам қатар келдік. Бірге еңбек ет­тік.­ Алпысыншы­ жыл­­­­дар­­­дың­­ ор­та­сы­на­ дейін бар­­­лы­­­ғы­­мыз өте­ тату достар бол­­дық.­ Сайын Мұ­рат­­бе­ков­тің­­­­ ау­ы­лы­на­ топырлап­ барған кездеріміз болған. Біздің ауылда да болғанбыз. Қалихан Ыс­қақов­тың ауылындағы кездеріміз естен кетпейді. Бірақ кейіннен бөлініп кеттік. Оған кінәлі біз емес едік, ағалар болатын. Себебі, бар­лы­ғы­мыз­ды солар бөліп әкетті. Абырой болғанда менде ондай атақты аға болған жоқ. Сондықтан, ондай сәт­тер­ден аман қалдым.

ЕҢ ҮЛКЕН СЫНШЫ – БОЛАШАҚ

– Бір кездері қазақ га­зет­те­­­­­­рі­­­­­­­нің­­­­ қоғамдық беделі өте жо­­­­­­ға­­­­­­ры­­­ болды. «Лениншіл жас»­­­­ га­зеті мен «Жұлдыз» жур­­­­на­­­­лы­­­ әр­­ қазақтың үйінен та­­­­б­­ы­­­­­ла­­­тын.­ Шерхан Мұртаза, Сей­­­дах­­­мет­­ Бердіқұлов секілді бас­­­ редакторлардың, Оралхан Бө­­­ке­­ев­­­ си­яқ­ты­ сол кездегі газет қыз­­­ме­т­­­кер­­ле­­рі­­нің­ аттары аң­ыз­­­ға­ айналды. Сіз қазір қазақ га­­­з­ет­­те­­рін­­ оқымайды екенсіз. Қа­­­зір­­гі­ баспасөз көңіліңізден шық­­­пай­­ ма, әлде олардың қо­ғам­­дық­ бе­­де­лі төмен бе?!.

– Менің редакторларда шаруам жоқ. Бірақ, мен қазақ газеттерін оқы­май­мын. Ол рас. Ресейдің екі газетін ғана аламын. «Литературная газета» мен «Новая газета». «Литгазеттен» әдебиеттің бү­гін­­гі­­ ағ­ым­да­рын­ қа­да­ғал­ап оты-ра­­мын,­­ бірақ ол да жетістіріп жат­­­қан­­ жоқ. Ал, «Новая газета» – мық­­ты­ басылым. Журналистері еш­­қа­­шан­­ дәлелсіз пікір айтпайды. Сы­­н­а­­ған­да­ да мәдениетті әрі әділ сы­найды. Ал,­ қазақтар бі­реу­ді­­ сынаса, оның жеке басына, ба­ба­сы­ мен балала­ры­на­ тиісіп ке­те­ді. Ешуақытта жеке басқа тиісуге болмайды. Ол сау­ат­ты адамның тірлігі емес. Үйге газеттер көп келеді, бірақ бір­еу­і­нің жазғаны екіншісінде де жүреді. Бас­қаларынан да кездестіресің. Сон­дық­тан,­ оларды қабылдай ал­­май­­мын.

– Сіздердің заманда жас­тар­дың­ көпшілігі Мәскеуде оқыды. Ол­ар­дың ішінде сіз де барсыз. Ал,­­ қазір «Болашақ» деген мем­­­ле­­­кет­­­тік бағдарлама бар. Сіз­­ осы ек­еу­ін­ байланыстыра ала­­сыз­­ ба?!. Олардың білім дең­ге­­й­­ін­­ қа­лай­ бағалайсыз…

– Менің Мәскеуден алған бі­лі­мім жүз пайыз болды. Біз таза білім алдық. Қалихан Ысқақов, Сай­ын­ Мұратбеков, Ақан Нұр­ма­нов, Бек Тоғысбаевтар да оқы­ды ол кездерде. Біздер күн сай­ын­ екі фильмнен көретінбіз. Сол кездегі СССР Мәдениет ми­нис­трі Екатерина Фурцова де­ген­ кісі болды. Өте жақсы ад­ам­­ еді. Әдебиетке, мәдениетке де­ген­ ықы­ласы ерек­ше­тұғын. Сол­ кісі Орталық Комитеттен қау­лы­ алдырыпты. Совет Одағын ұн­ат­пай­тын­, бірақ шеберлігі өте жо­ға­ры­ ре­жи­с­сер­лер­дің фильмін жас­тар­ға­ көр­се­­ту­­ге­­ рұқ­сат­ сұ­ра­ған. Әйтпесе, жас­тар­дың­ көзі дүниеге ашылмай қалады деген пікірде болған. Сол кісінің арқасында біз дүниедегі ең­ мықты деген кинолардың бар­лы­ғын көріп шықтық. Совет өкі­ме­ті­не қарсы киноларды көріп, дү­ние­ге көзіміз ашылды. Бұл жағ­­дай­ Хрущевтің тұсында болды. Мысалы, Мәскеуден Қазақстанға Хрущев билеген алғашқы бес жыл­да­ қазақша хат жіберуге рұқ­сат­ етілді. Мәскеуге Мұқағали Ма­қ­а­та­­ев­ поэзиядан көш бастап кел­се,­ про­­за­дан­ көш бастап Шерхан­ Мұр­­та­­за­ келді. Өкініштісі, Жай­­саң­­бек­­ Молдағалиев, Ақ­ан­­ Нұр­ма­нов­тардың аттары­ ат­ал­­май­­ды қазір. Олар да оқыды осы­ Мәс­кеу­де. Оларды білмеу жас­тар­дың­ кемшілігі деп есептеймін. Мен бізден кейінгі жастарға көп сын айтқым келмейді. Ағаның көзімен сын айтқан өте ауыр. Ең үлкен сыншы – Болашақ. Барлығын сол көрсетеді.

– Сіз үшін ең үлкен мәселе қан­­дай.­ Қандай мәселелер тө­ңі­­ре­­гін­­де­­ ой толғайсыз?!.

– Мәскеуде оқып жүргенімде ор­ыс­тың ұлы жазушысы М.­Горь­кий­дің «Разрешение личности» де­­ген­­ мақаласын оқып, қатты таң­­ғал­­дым.­ Адам өзінің тұлғалық қа­­си­е­­тін сақтап қалу керек. Осы мә­­селе маған үлкен ой салады.

Хамит ЕСАМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − eight =