АДАМ ИГІЛІГІНІҢ АРҚАУЫ

0 109

Светлана ИМАНҚҰЛОВА, Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының төрайымы

Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 20 мыңға тарта мүшелері бар. Соңғы уақытта жаңа қарқынмен белең алған кәсіподақ жұмысы көптеген мекемелермен түрлі әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер төлеу, жұмыскерлердің демалысы мен еңбек қатынасына қатысты мәселелерді шешуде үлкен жұмыстар атқардық. Әр ұжым же­текшісі басшылыққа алатын ұжым­дық келісім-шарттар жасадық. Жұ­мыс­кер­лердің ертеңіне үміт, бүгініне сенім ұялататын түрлі жеңілдіктерді, ынталандыру сыйақыларының түрлері мен көлемдерін осы шарттарда бекітіп алдық. Ендігі мақсат – бұл талаптарды жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бұлжытпай орындайтын тәртібіне айналуына қол жеткізу.
Рас, мәдениет қызметкерлері материал­дық құндылықтарды өндірмейді. Алайда, олардың ерен еңбегі мен талантының және шеберлігінің арқасында еліміздің айбыны артып, абыройы тасып жатыр. Спорт пен мәдениеттегі жетістіктеріміз мемлекеттің шоқтығын көтеретін бас-ты белгісі деп бекер айтпайды. Біздің саланың қызметкерлері еліміздің имиджін қалыптастырып, рухани бастауларын нығайтуда өз үлесін қосып келеді. Елдің экономикалық дамуы мен демократиялық жаңғыруларының жетістіктері ұлттың рухын бекітпейінше, отансүйгіштік сезі­мін асқақтатпайынша көмескі тартары анық. Яғни, мәдениет қызметкерлерінің шы­найы таланты, кәсіби шеберлігінің сы­на­латын тұсы – осы сәт. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар­баев­­тың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы баршамыздан қолдау тапты. Елбасымыз еңбек қатынастарының түбегейлі жаңа үлгісін қалыптастыруға, еңбектің төлемі қатысындағы жаңа қадамдар, халықты жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берді. «Еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз» деп үлкен міндет қойды. Көптеген еңбек ұжымдарында болған кездесулерде жалақының төмендігі, ынталандыру, еңбекті бағалаудағы олқылықтар қозғалады. Ол дұрыс та. Сол себепті әртүрлі деңгейдегі кәсіподақ қызметкерлері мекемелердің қызметкерлердің штатын бекітуде, еңбекақыны көтеру, ынталандыру және әлеуметтік жөніндегі мәселерді жиі көтереміз. Бұл мәселелерде кәсіподақтар тыс қалмайды және оның оң шешімі үшін атсалысады. Алайда, оны министрліктермен бірлесе отырып талдау жасамай, бір күнде шешу мүмкін емес. Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң әзірленуде. Аталған мәселелердің шешімі де осы заңның қабылдануына көп байланысты деп ойлаймын. Бізге нақты құқығымен қаруланған күшті кәсіподақ керек. Мұндай құзыреттің артында үлкен жауапкершілік тұрғанын жақсы түсінеміз. Елбасы: «Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді» деді. Болашақтың жарқын келбеті біздерді алға бастап, атқарып жатқан істеріміздің адал, қоғам игілігіне бағытталғаны ерекше рухтандырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − eleven =