«ADAL»-дың құрамы 5000 адаммен толықты

0 17

Нұр-Сұлтан қаласында «ADAL» саяси партиясының VII съезі өтті. Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді.

«Партияның атауы өзгерген сәттен бастап біздің қатарымыз­ға 5000-нан астам жаңа мүше қосылды. Біз партиялық тізімге толық енген Саяси кеңес мүшелерін қоса алғанда, бастапқы, тәжірибесі бар кадрларға да, жаңа қатарластарымызға да мүмкіндік беруге тырыстық» деп атап өтті «ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали.
Саяси кеңес делегаттары мен мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «ADAL» партиясынан Мәжіліс үміткер ретінде 20 адам енді. Сондай-ақ жиында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының жобаларымен таныстырды, партияның жаңартылған интерактивті сайтының тұсаукесері өтті. Adalpartiyasy.kz порталының басты ерекшелігі сайт партия туралы өзекті ақпаратты жариялаумен қатар, тіркелген пайдаланушыларға мемлекетті басқаруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
– Біздің партия жаңарды. Жаңару процесіне Саяси кеңес пен өңірлік филиалдардың басшылары қозғаушы күш болып отыр. Алға жылжу үшін заманға сай ақпараттық технологияларды, тағы басқа тәсілдерді меңгеру керек. Біздің жаңару процесіміз тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайды, – деді партия басшысы.
Елімізде 2013 жылы құрылған «Бірлік» саяси партиясының атауы биыл 5 қарашада «ADAL» болып өзгерген болатын. Саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы 5 бағыттан тұрады:
• Барлық азаматтар үшін ла­йықты өмір;
• Кәсіпкерлік – табысты мемлекеттің негізі;
• АӨК дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі;
• Қуатты өңірлер – қуатты ел;
• Мемлекет – адамдар үшін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =