АБЗАЛ ЖАНДАР АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

0 153

1 (5)

«Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалы медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай дәрігерлерді құттықтап, партия билеті мен арнайы сыйлықтар табыс етті.

№2 балалар ауруханасында өткен мерекелік шарада «Нұр Отанның» Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Төлешов ақ халаттыларды төл мерекесімен құттықтай келе, партияның мақсат-міндеттері мен атқарып жатқан жұмыстарын белсенді насихаттаған бір топ дәрігер мен медбикелерді сыйлықтармен марапаттады. Бұдан кейін №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Расулбек Аипов медицина мекемесінің жетістіктеріне тоқталып, биыл өткізілген спорт спартакиадасында осы емдеу мекемесінің ұжымы бірінші орын алғанын жеткізді. Әріптестерін құттықтауға аурухананың бұрынғы бас дәрігері, мәслихат депутаты Қаршыға Құлмұханов та келіп, жылы лебізін білдірді.

Аталмыш шара Сәкен Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университетінің студенттері қойған концерттік бағдарламаға ұласты.

Бота ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =