Абзал күміс алды

0 79

Конькимен мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев Словенияның Блед қаласында өткен Triglav Trophy халық­ара­лық турнирінің жеке сырғанау сынында күміс жүлдені жеңіп алды.

Қысқа және еркін бағдарлама­лар­да А.Рақымғалиев барлығы 182,20 балл еншіледі. Турнирде 210,15 балмен ресейлік Артур­ Гачинский бірінші болды. Үшін­ші­ орынға 177,43 балл жина­ған жапондық Дайсуке Мура­ками табан тіреді.

Өткен жылы А.Рақымғалиев Triglav Trophy турнирінде алтын­ медаль иеленген болатын, ал­ 2011 және 2009 жылдары жарыс­тар­дың қола жүлдегері атан­ған еді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =