Абылай ханның хаттары

0 377

Қолыма түсіп отырған төмендегі деректемелер Абылай ханның елі үшін атқарған ауқымды шаруаларының тағы бір тың дәйегі деп түсінемін. Жаңа табылған мұрағат құжаттарына қарап отырып, қазақ ханының аса ірі сая­саткер әрі өз заманында ірі дипломат болғандығын аңғару қиын емес.

ХVІІІ ғасырдың ортасы – Жоң­ғар хандығының жер бетінен жойы­ла бастаған шағы. Осы бір та­рихи кезеңде Қазақ хандығы мен Цин патшалығы іргелес көр­шіге айналып, бір-бірімен тіке­лей қарым-қатынаста бола бас­та­ды. Бұл қарым-қатынас бір жағы­нан екі елдің кейбір мүдделерін түйістірсе, екінші жағы­нан бірсы­пыра күрделі тарихи мәсе­лелерді тудырған. Мысалы, сол дәуірдегі қазақ билеушілерінің Цин патшалығына жіберген әртүр­лі сипаттағы хат-құжаттары шаң бас­қан мұра­ғаттарда сақталып келді.

Цин патшалық мұрағатындағы шағатай, тот-моңғол және мәнжу тілдерінде хатталған құжаттар арқылы Абылай ханның әлеуметтік және еларалық дипломатиясы жайында жаңа деректерді қолға түсіруге мүмкіндік алдық.

Бұл мәселелердің шын мәнін ашу үшін ғалымдар тың дере­көздер негізіндегі ғылыми талдаулар жасауы керек. Осыған дейін құпия құжаттар есебінде сақталып келген мұрағат құжат­тары тарих үшін біршама жаңа­лық әкелуде. Аталмыш дәуірде мәнжу-қытайлар жинаған Қазақ даласы шығыс бөлігінің тарихи географиясына, сол өлкенің саяси, экономикалық, этникалық жағдайына және қазақ-қытай қарым-қатынасына қатысты мәліметтердің көбісі дерлік аударылмағандықтан немесе әдейі құпия ұстап келгендіктен осыған дейін жұрттың назарына ілінбеген. Күні бүгінге дейін Қытайдағы құпия мұрағаттар арасынан отандық ғалымдар 50-ден астам Цин патшалық құжаттарына сараптама жасап, олардың негізгі мазмұны мен тарихи мәнін анықтады.

Төменде біз Абылай ханның Цин патшасына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері мен аударма нұсқаларын көріп отырмыз.

Абылай ханның 1760 жылдың соңында Цин патшасы Цяньлунға жолдаған хатының мәнжу тілін­дегі аударма нұсқасында былай делінген екен:

– елімнің қоныстары: шығысы – Чорго жеріне, оңтүстігі – Шара­бел­ге, ортасы – Лепсіге жетіп тұр.

– ұлы Ежен менің келешек ұрпа­ғым­ның, менің балаларымның қо­лын­да сақталатын қызыл таң­ба ба­сылған хат жолдап бергей.

Абылай ханның цин патшасы Цяньлунға жазған ха­ты. Бізге бұл хаттың тек мән­жу ті­ліндегі аударма нұс­­қасы жет­кен. 1771 жы­лы жазылған бұл хат­тың маз­мұны мынадай:

• Торғауыт… тұтқындар­дың айтуларына қарағанда, ноян Дата Алақ-ұла, Құл­жа және Хайнұқ сынды жер­­лер­дегі улеттерді бас­­тап, бұрыт­тарға барып қо­­сыл­­мақ­­ екен.
• Торғауыттар Алақ-ұла­дан ­­кеткен шақта, сендер­дің 500 адамдарыңды өлтіріп кет­­кен еді. Енді міне, олар қай­­тып келіп, маған жорық жа­­­­сауда. Сендер осыларды өз­­дерің бағындырып ал­­саң­­дар.
• [Торғауыттар] Алақ-ұла­ға бара қалған күнде, он­сыз да мүшкіл халдегі ел-жұрт қай­ғылы жағдайға душар болуы ықтимал ‒ бұ­­рын Күнқожы мен Айқожа [ке­­зінде] дәл солай болған: олар Яркентке кіргенде, жағ­­дай шиеленісіп, тек апат туын­­датқан.

Мұнда Абылай хан өз ке­зінде Тарбағатай мен Жеті­­су жерінен айдалған Дата­­ның қайтадан Тарбағатай өңірі мен Жетісу жеріне барып, ондағы қазақ жұртымен жау-ласып жатқан бұрыттар­мен (қырғыздармен) бірлесіп, қазақтарға қарсы шығуына жол берілмейтідігін айтқан. Сонымен бірге, Абылай хан­ның мұнда әлгі Дата есім­ді қалмақтың өз кезінде Цин армиясын қырғанды­ғын мәнжу-қытайлардың естеріне салып, Цин пат­шалы­ғының күші арқылы қалмақ­тарды жоюды немесе Қазақ жерінен аластатуды көздеп отырғаны анық байқалады.

1767 жылғы Абылай хан­­ның Цин патшасы Цянь­лун­ға тот-моңғол тілін­де (қал­­мақ ті­лінде) жаз­ған ха­ты бо­лып табылады. Хат­тың маз­мұны мынадай:

• Бұрыттар мен Ерде­­ни бір­­­лесіп, біздің Ұлы жү­­­зі­­­­мізді шап­қан еді, сол се­­беп­­тен был­тыр біз де жо­­­рық жасап, бұ­рыт­тар­­ды ба­ғындырдық;
• Бұхара, Самарқан жә­­не­ сол маңдағы халық­­тар­­­­­дың­ бар­лығы бізбен та­­­ту-тәтті қа­рым-қа­­ты­­наста, тек батысымызда тұратын Ердени жұр­­­­­­тымызға ты­­ныш­тық­ бер­­­мей, жиі шабуыл­­дап­ ке­­ле­­ді;
• Әлгілер ылғида қамал­дың ішін­де тығылып алып, шай­­­қас­қа шықпайды.Қа­­мал­­­­­­дарын қиратай­ық де­сек, зеңбірегіміз жоқ. Осы се­­­беп­тен біз Ұлы Ежен Боғ­­­да ханнан зең­бі­рек жә­не­­ әскери күш сұ­рай­мыз.

Абылай ханның 1767 жылғы цин патшасы Цяньлунға тот-моңғол тілінде (қалмақ тілінде) жазған хаты

Абылай ханның 1760 жылы цин патшасы Цяньлунға жолдаған хатынның мәнжу тіліндегі аударма нұсқасы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + seventeen =