«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Абу-Даби Плаза» құрылысына сапасыз материал қолданбайды

0 228

Астана әкімдігі «Абу-Даби Плаза» құрылысына қатысты қауесетті жоққа шығарды.

Өткен демалыс күндері интернет пайдаланушылар арасында «Абу-Даби Плаза» кешенін салуға сапасыз материалдарды қолданып жатыр» деген бел­гісіз бір ер адамның түсірген бейнеролигі та­рады. Сарапшылардың пікірінше, аталған бейне Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде тү­сі­рілген. Бейнероликте көрсетілген құрылыс бағандарында ағаш тө­сеніштер пайдаланылған, бәлкім, бұл бамбуктан салынған. Сондай-ақ, бейнетаспада ғимараттың қасбетінде пайдаланылатын жабынды материал – экосетка анық көрінеді. Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары жаз мезгілінде жүргізілгені анық. Ал «Абу-Даби Плаза» көп функционалды кешенін құру кезінде аталған материалдар қолданыл­майды. Қаламызда салы­нып жатқан нысанда құ­рылыс-монтаж жұмыс­тарының сапасы техникалық және авторлық тараптардан тұрақты бақылауда. Сондай-ақ, инженерлік-техникалық қызметкерлердің қауіп­сіздігі қатаң сақталуда.
Астана қаласының әкімдігі 2015 жылғы 1 қаң­тардан бастап жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енгенін және соған сәйкес дәлелденген жалған мәліметтерді тарату және пайдалану қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды