Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әбіш аллеясы саясына шақырады

0 355

Өткен сенбі күні Астананың сол жағалауындағы «Ғашықтар» саябағынан Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының аллеясы ашылды.

Тағылымдық мәні бар шараға Мемлекет және қоғам қай­­­раткерлері Өмірбек Байгелді, Оралбай Әбдікәрімов, ака­демик Кенжеғали Сағадиев, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов, қаламгерлер Әкім Тарази, Төлен Әбдік және жазу­шының зайыбы Клара Жұма­баева қатысып, аллеяға 250-ден астам түп ағаш екті. Бұл ізгілікті іс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
ұйымдастырылды.
Жұртшылық жаңа аллеяға тал егіп болғаннан кейін тұғыр­лы тұлғамен өмірде жақын сыйлас­қан достарының пікірлерін тыңдады.
«Әбіш секілді асыл азаматқа елорданың ең көрікті жерінен аллея беріліп отыр. Мұның та­ғылымдық мәні зор. Енді осы жерге келіп, адамдар жазушыға құрмет көрсетеді. Әсіресе, бұл – жастарға үлгі болатын өнеге. Өз басым бұған ерекше риза болып отырмын. Аллеяға келіп, тал ектім. Тіршілікте бұдан асқан жақсы іс жоқ. Осындай күндер көп болсын» деп ой қо­рытса Кенжеғали Сағадиев, қоғам қайраткері Өмірбек Бай­­-гелді: «Бүгінгі игілікті істің жөні бөлек. Әбіш секілді туған халқына өлшеусіз мұра қалдырған тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды. Мұндай шара жас ұрпаққа тәрбие беріп қана қоймай, оларды елдікке, мемлекетшілдікке жетелейді» деп парасатты сөз айтты. Ал қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов: «Бұл іс әрі қарай жалғаса берсе дейміз. Ағамыздың сеңгірлі сексен жылдығы қыр астында тұр. Соған дайындық бүгін басталды деп ойлаймын» деп түйіндеді.
Ардақты ағамыздың асыл жары Клара Жұмабаева да сөз алып, шараны ұйымдастыру­шылар мен қуанышты бөлісуге келгендерге ризашылығын білдірді.
«Бір апта бұрын Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарянов қоңырау шалып, Әбекеңнің атынан аллея ашпақ ойлары бар екенін айтты. Мен бұған өте қуандым. Елі үшін күні-түні аянбай еңбек еткен азаматты ұмытпай, ардақтап жатқандарына алғысымды айтамын. Бүгін аллеяға Әбекеңнің достары және ағайындарымызбен келіп, ағаш ектік. Сол ағашымыз бәйтеректей мәуелі болсын» деп ақжарма тілегін жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды