Абаттанған аулалар мен қоғамдық кеңестіктер

0 41

Биыл елордада 115-тен астам көшені жөндеу жоспарланды. Соның 40 көшесі тұрғын алаптарда орналасқан. Осы аптада Байқоңыр ауданы аумағындағы «Кирпичный» тұрғын алабының Қамысты көшесіне асфальт төселді. Ал Т.Шонанұлы, А.Пушкин, А.Иманов, Ойыл, Арқарлы көшелерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.Жалпы аталмыш ауданда осы жылы тиісті жоспар бойынша 24 көше күрделі жөндеуден өткізілмек. Соның 13-і тұрғын алаптарда орын тепкен. Сондай-ақ көлік қатынасын жақсарту үшін А.Жұбанов және К.Циолковский көшелерін қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалада биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Соның ішінде 50 аула мен 5 қоғамдық кеңістік Байқоңыр ауданында тапсырылады. Жыл басынан бері тиісті жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Атап айтқанда, Б.Бейсекбаев 21, Абай 101, Ж.Тәшенев 17/1, Асан қайғы 1/1, А.Пушкин 15, А.Иманов 42 мекенжайларында аулалар, «Құтқарушылар» саябағы пайдалануға берілді.
«Алатау» шағын ауданында 8 аулада спорттық алаңқайлар ашылып, балалар алаңы мен абаттандырудың басқа да элементтері орнатылды. Соның ішінде 2 футбол, 1 баскетбол алаңы, 80 ерекше шағын сәулет нысаны, 37 көше тренажері, 6 воркаут, 6 жаппа, 8 аспалы әткеншек салынды. Қазір Алаш тасжолы бойындағы базарлар аумағы абаттандырылып, көгалдандырылуда.
«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясындағы жұмыстардың нәтижесінде Сарыарқа ауданы да көркейіп келеді. Әсіресе, «Көктал» тұрғын алабындағы жұмыстар көңіл көншітеді. Жақында осы елді мекенде салынған үлкен саябақ аталмыш ауданның балансына берілді. Енді саябақты күту, қарауға әкімдік жауапты.
– Саябақты үздіксіз электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл өз кезегінде жергілікті суару жүйесі арқылы жасыл желектерді сапалы суаруға және биодәретхананың іске қосылуына мүмкіндік береді. Күздегі ағаш отырғызу маусымында саябақты салған мердігер ұйымның есебінен қураған ағаштардың орнына жаңа ағаштар отырғызады. Мұндағы жасыл желектерді күн сайын күтіп-баптау үшін «Астана-көгалдандыру құрылысы» кәсіпорнына арнайы бригаданы бекіту тапсырылды. Саябақ аумағында жөндеу-қалпына келтіруді қажет ететін абаттандыру элементтері бар. Тиісті жұмыс жүргізілді. Өкінішке қарай, саябаққа келушілер тарапынан көше жиһаздарын сындыру жағдайлары орын алған. Осыған байланысты саябақ аумағына орталықтандырылған жүйеге қосылған бейнебақылау камералары орнатылады. Тұрғындарымызды қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарауға шақырамын, – дейді Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен.
Жалпы биыл осы ауданда 49 аула мен 10 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Жаз басында «Театр» желекжолы мен «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшесі ашылды. Тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + fourteen =