АБАТТАНҒАН АСТАНА АЯЛАУДЫ ҚАЛАЙДЫ

0 133

IMG_9375

Мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында бас қаланың көріктендірілуі, тазалық мәселелері сөз болды.

Осыған орай, Астанадағы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары әкімдерінің орынбасарлары Боранбай Болатбеков, Берік Ахметжанов және Риза Акчурин баяндама жасап, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Соңғы кезде Астананы көріктендіру ісіне көп көңіл бөлініп, қыруар жұмыс тындырылғанына қала тұрғындары ғана емес, шаһар қонақтары да куә. Расында, бүгінде елордалықтардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған демалыс орындарының қатары өсіп келеді. Осы жөнінде әңгімелеген аудан әкімдерінің орынбасарларының айтуынша, үш ауданда да көшеттер отырғызу және оны күту, саябақтар мен гүлзарларды тазалау және абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен спорт алаңдарын салу, аула және мектеп маңындағы аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ, тұрғын үйлердің алдын, ескерткіштер мен фонтандарды, Есіл өзені жағалауын жаппай жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Астананы жарықтандыру жұмыстары да қолға алынып, қала көшелері мен тұрғын үй аулаларының тазалығына мән берілуде. Дегенмен, әлі де болса шешімін күткен мәселелер жетерлік. Бұл ретте атқарылған жұмыстарға көңілі толатынын айта келе, депутат Сергей Богатырев Жұмабаев көшесінің бойында құрылысы тоқтап тұрған паркинг маңында күл-қоқыстың үйіліп жатқанын, сонымен бірге сынапқұрамды энергоүнемдегіш шамдарды тастайтын арнаулы контейнерлер тез толып қалатындықтан, оларды жиі тазалап тұру керектігін жеткізді.

«Әлем» базарының аумағында соңғы уақытта стихиялық сау­да өрістегенін, осыған орай, жерасты өтпе жолын тексеріп, тазалау керектігін ұсынған мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов аудан әкімдіктері мен бас қаладағы басқарма басшыларын бюджет қаражатын тиімді пайдалануға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 9 =