Абаттандыруға үлес қосты

0 27

Елорда аумағын абаттандыру мен экологиялық сенбіліктер 19 қазанға дейін жалғасады. Оған әртүрлі ұйымдар мен мекемелер өз үлестерін қосып жатыр. Өткен демалыс күндері елордадағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, елорданың Қазақстан халқы Ассамблеясы жастары, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері Достық үйінің аумағында сенбілікке шықты.

«Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС директорының орынбасары Қанат Ахатовтың айтуынша, екі күнде 42 түп ағаш отырғызылды. Соның ішінде қарағай, терек және шырша ағаштары бар.
«Достық үйінің жанында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл қаламыздың тазалығына қосқан үлесіміз. Тазалықты сақтау әрбір азаматтың міндеті деп білемін. Сол себепті ұжым мүшелері өз еріктерімен шырша ағаштарын егіп, айналасын тазарттық» дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Нүркен Әбдіғали.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 3 =