Абаттандыру жұмыстары жалғасады

0 17

Алматы ауданы аумағында 425 аула орналасқан. Соның 319-ы – абаттандырылған, 68-і – қанағаттанарлық жағдайда, 27-сі абаттандыруды қажет етеді.

Биыл сәулетшілер, дизайнерлер және Урбанистика орталығы мамандарымен бірге қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша 6 жоба жүзеге асырылып, 25 аула абаттандырылды. Атқарылған жұмыс барысында балаларға арналған 25 ойын алаңында 187 шағын архитектуралық пішін, 25 мекенжайда 72 дала тренажері, 19 «workout» аймақ орнатылды. 8 спорт алаңы жайластырылып, 28-і жөнделді. 28 мекенжайдағы жолдардың шұңқырлары тегістелді. Бұған қоса, қоқысқа арналған 100 контейнер жөнделіп, жаңа 31 контейнер орнатылды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 5 ауланы абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Оған 226 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар 13 мүсіндік құрылысты жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі күнге 400 шаршы метр көлемінде гранит жабыны жөнделді. Тұрғындардың жайлылығы үшін ұзындығы 800 метрден асатын тротуар жөнделіп, 3000 шаршы метрден асатын брусчатка жабыны жаңартылды.
Ауданның жалпы аумағы 290 гектарды алатын 6 саябағында абаттандыру элементтері мен дала жиһазын жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Келесі жылы 7 қоғамдық кеңістікті жайластыру және 20 ауланы абаттандыру жоспарланды. Бұл аумақтарда 100 мыңнан астам адам қамтылады. Бұл мекенжайлар әлеуметтік желілерге және iKomek-109 қызметіне түскен тұрғындардың өтініштеріне сәйкес іріктелді. Жалпы алғанда, ауданды кешенді дамыту тұрғындар ұсыныстарына сай Урбанистика орталығымен бірге жүргізіліп жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =