АБАТТАНДЫРУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0 113

843147

Биыл Астана қаласында барлығы елу жеті аула абаттан-дырылмақ.

Осы бағытта қазірдің өзінде қызу жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, қала күніне орай елорданың әр ауданында жүздеген адам еңбек етіп, аулалар мен демалыс орындарын қалпына келтіріп, жақсартуда.

Аулаларда асфальт-бетон жабыны ауыстырылып, жаңа табанжолдар, сәндік қоршаулар мен гүлзарлар салынады. Сонымен қатар, жасанды жабыны бар жаңа спорт алаңдары құрылады, тренажерлар орнатылған гимнастикалық алаңдар пайда болады, түрлі жастағы балаларға арналған шағын архитектуралық формалар орнатылады.

Таяу уақытта Астананың Алматы ауданында – 12, Есіл ауданында – 13, Сарыарқа ауданында 32 аула абаттандырылады.

Е.ЕСЛЯМОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 2 =