Абайлап жүрген апатқа ұшырамайды

0 98

Өткен аптада Астанада он бір жол апаты тіркелді. Солардың салдарынан бір адам ажал құшты, 14-і әртүрлі деңгейде жарақатталды.

«Тойота Камриді» тізгіндеген 60 жастағы жүргізуші Қ.Мұңайтпасов көшесінде бағдаршамның рұқсат еткен белгісімен Мирзоян көшесіне бұрыла бергенде қарсы келе жатқан темір тұлпарды өткізбей, 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған «БМВ» көлігімен соқтығысты. «Тойотаның» жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бір апта ішінде елордалық жол сақшылары жол жүру ережелерін бұзудың 6 мың дерегін анықтаған. Соның ішінде 81 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізіп, 599-ы басып озудың тәртібін сақтамаған, 590-ы жылдамдықты шектен асырғандары үшін ұсталды. Ал, 285 астаналық жүргізуші көліктерін қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген, 116-сы жаяу жүргіншілерді өткізбеген. Рұқсат етілмеген жерден өткен 511 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + three =