Абайлаңыз, дезинфекция!

0 33

Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда. Адам көп жиналатын орындарды, яғни саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және өзге де аумақтарды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлініп отыр.Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізеді. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекция­ланды.
Осы шараларға байланысты қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Маска тағып, антисептиктер қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жөн.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =