Абайлаңыз, дезинфекция!

0 37

Кеше Нұр-Сұлтанда көпшілік жиналатын орындарда: саябақ, гүлзар, жағалау және басқа жерлерде ауқымды дезинфекция жүргізілді.Қаланы дезинфекциялауға коммуналдық сала қызметкерлерімен бірге ТЖД мен мамандандырылған компания қызметкерлері қатысты. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізілді.

Қалалық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, ірі сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар, сауда үйлері және басқа да көпшілік жиналатын орын басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Қалада қазірге дейін 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Алдағы уақытта да дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады. Сондықтан ТЖД мен мамандандырылған компания өкілдері қала тұрғындарын дезинфекция кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрайды. Әсіресе, балаларды сақтандыруға көңіл бөлуді өтінеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 8 =