АБАЙЛА, БАЛА, ЖАРАЙ МА?!

0 234

507408afa2946

Кеше Астанада екі аптаға жалғасатын «Абайлаңыз! балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шара басталды. Аталған шара жыл сайын оқу жылының алдында өткізіледі. Мұндағы мақсат – жол-көлік оқиғаларынан балаларды сақтандыру.

Шара барысында полицейлер оқушыларға жолда жүру ережесін қатаң сақтауды түсіндіретін болады. Одан кейін мамандар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесіп, психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, «Балаға көмектес» акциясы аясында жарыққа шағылысатын браслеттерді тапсырады. Көптеген шетелдік зерттеулерде дәлелденгендей, жарықты шағылыстыратын элементтері бар киім-кешектерді кию және заттарды тағып жүру – қараңғыда жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде көрініп тұратын қарапайым әрі тиімді әдістердің бірі.

Жедел-профилактикалық шара барысында тәртіп сақшылары жалпы білім беретін мекемелер мен жасөспірімдер жиі жиналатын алаңдарды күзететін болады. Ал, 1қыркүйекте полицейлер қала мектептеріне барып, оқушыларға мектеп формасын, сөмкелер сыйлайды. Аталған мекеменің мәліметінше, жыл басынан бері елордада кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болған 60 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көбіне мұндай жағдай балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, көліктердің дыбысына мән бермегенінен болады екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + nineteen =