Абайға шығатын бір шың

0 26

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы аясында көрнекті абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының он томдығын құрастырушы, қайымтанушы Ербол Іргебаймен «Абайға апаратын жолдар. Қайым Мұхамедханов» атты тақырыпта сұхбат өтті.

– Абайға шығатын бір шың – Қайымның жолы. Қайымның түсінігі арқылы біз Абайды танып келеміз. Ол – ең бірінші, Абайдың ақындық мектебін зерттеген ғалым. Екінші, 1957-1958 жылдарда ақын өлеңдеріне текстологиялық тұрғыда талдау жасап, әр өлеңдегі сөздің мағынасының дұрыс болуына атсалысқан. 1940 жылы Семейде ашылған Абай мұражайын тұңғыш ұйымдастырушылардың бірі болды, – деп атап өтті Ербол Іргебай.
Сондай-ақ сұхбат барысында ардақты азаматтың еңбектерін бірізге салып, оны жинаған шәкірттері туралы сөз болып, айтулы ғалым шығармаларының он томдығын дайындау-­шығару жұмыстарын да айтып өтті.
– Қайым ағамыз артына мол мұра қалдырды. 1936 жылдан бастап жазған дүниелері өте көп. Осы мұраның барлығы өзі өмірден кеткен соң, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Отырар кітапханасына берілген. Профессор Тұрсын Жұртбайдың тапсырмасымен кітаптың жұмысына кірістім. Сегіз жылда 10 томдық шықты. Әр томға түрлі шығармалары кірді. Соңғы 10-шы томына 1951 жылы қорғалған диссертацияның стенограммасы енді. Келешекте Абайды танимын, Қайымды оқимын дейтін жас ғалымдар болса, осы томнан барлығын тауып алуға болады, – деді қайымтанушы азамат.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 20 =