Абайдың сөзі жаңғырды

0 9

Президент телерадиокешені «Абайдың қара сөздері» көркем киножобасын түсіруге кірісті.

15 бөлімнен тұратын жоба «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен жүзеге асады. Түсірілім жұмыстары Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жүреді.
Телевизия жобасының әр сериясы толыққанды сюжетке құрылады. Сюжеттерде бас кейіпкердің рөлін Нұрлан Әлімжанов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сияқты танымал қазақстандық актерлер сомдайды. Жоба авторлары күрделі режиссерлік шешімдер арқылы ұлы ойшылдың аңызға айналған «қара сөздерін» жаңа қырынан ашуға тырысады.
Телерадиокешеннің бас директоры ­Рау­шан Қажыбаеваның айтуына қарағанда, телерадиокешен ұжымы бұл жобаға үлкен жауапкершілікпен кірісіп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + thirteen =