Абайдың әні шырқалды

0 25

Биыл – Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай «Астана Опера» театрының әншілері Жаннат Бақтай, Жанат Шыбықбаев, Мейір Байнеш, Айзада Қапонова, Мәдина Исламова, Болат Есімханов, Әсем Сембина, Назым Сағынтай және өнер ордасының симфониялық оркестрінің музыканттары мен опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахно ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.Абайдың рухани әлемі түпсіз терең мұхит деуге болады. Оған кез келген адам бойлай алмайды. Театр әртістері қазіргі қысылтаяңда оқшау қалғанда хакім атамыздың шығармашылық тереңіне бойлау таза ауамен тыныстағанмен бірдей дегенді айтады.
– Абай атамыз – халқымыздың рухани көшбасшысы. Оның шығармаларының сөзі мен сазы үйлесіп тұрады. Поэзиясының өзі адамның ойы мен жүрегіне жылы әсер етеді. «Желсіз түнде жарық ай» әні табиғат лирикасына жатады. Бұл шығарма – ұлттық музыканың үздік жауһары, –дейді театрдың жетекші солисі Жаннат Бақтай.
Айта кетейік, «Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсын биік дәрежеде қойғаны үшін 2018 жылы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 11 =