Абай жырын оқыңыз!

0 73

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлады.Бұл жобаның мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттап, жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды көтеру. Әдеби эстафетаның шарттары:
1. Абай шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.
2. Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасы­Абай,#АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #чи­таемАбая175 хэштегтерімен жүктеу.
Эстафета биылғы 14 мамыр мен 20 тамыз аралығында өтеді. Әдеби эстафетаның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − six =