«Абай жолының» дерегін жеткізген жан

0 106

Отаршылық ішкерілей еніп, қазақтың көшпенді өмірінің өрісі тарылып бара жатқан кезеңнің көркем туындысы «Абай жолы» эпопеясы – Мұхтар Әуезовтің ұлы еңбегі. Мұхтар Омарханұлы 1935 жылы Абай романын жазуға кірісіп, дерек жинау үшін осы жылдың желтоқсанында Семей қаласына келеді. Осы сапарында Сыдық Махмұдұлы, Әхрам Ысқақұлы, Тұмабай Наданбайұлы, Қатпа Қорамжанұлы сияқты Абайды жақсы білетін ел адамдарымен жолығады. Олардың естеліктері жазылған блокнотты жазушы соңынан «Көне дәптер» деп атайды. Ал Абайдың көзін көргендердің естелігі бүгінгі күнде Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағының 27-томына толық енгізілді.

Біз естеліктердің толық нұсқасын оқи отырып, Тұмабайдың Абай үшін кім болғанына мән бердік. Алғашқылары Сыдық Махмұдұлы, Әрхам Ысқақұлы, етжақын туысы болса, Қатпа Қорамжанұлы өз дерегінде атқосшысы болдым дейді. Демек, Тұмабайды аталас туыстығынан бөлек, «олай-былай істерге жұмсайтын қызметкері» сенімді адамы болған дегеніміз дұрыс болжам деп ойлаймыз. Өйткені Тұмабайдың естелігіндегі мына сөздер соның дәлеліндей. «Абай Наданбай баласын маған берсін депті. Біз келдік. Келем дедім. Ендеше, бұдан былай жұмасына бір рет біздің ауылға келіп жүр» деп пәрмен беріледі. Осылайша Тұмабай Абайдың ізіне ерген інілерінің біріне айналады. Оның Абайдың жүріп өткен өмір жолын жақсы білгені соншама, қысқаша естеліктен «Абай жолының» желісі өріліп тұрғандай әсер етеді. Көкірек көзі ашық ақсақал, сол кездердегі ірі тұлғалардың айт­қан сөзіне дейін айна-қатесіз жеткізе білген. Оған мына мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ерболды судан шығаруы, «Кіршіме» жайындағы сөз, Айғыздың сұлу­лығы, оның қызы Кәмшатты Бөжей үйіне беруі, Сарапаңның жоқтауы, Әйкерімді алу жайы, Қуандық пен Еркежанға қатысты көркем шығармаға қатысы аз болса да оқырманға қызықты көп мәлімет аламыз. «Көжекбайға» деген өлеңнің шығу тарихын айтып, оның Құнанбай өлген күнде жаназаға шығаратын мал жөнінде Абай Оспан, Тәкежандарға бұйрық етіп, пәлен пәлендей шығарсын деп жатады. Олар әртүрлі орайлы ұсыныстар жасайды. Сонда Көжекбай Тәкежанның онысы дұрыс емес, Оспанның мынасы теріс дей бер­генде, айтқан екен. «Саудайы-ай» деген өлең Мырзағұл емес, туыс­қаны Дүйсенғұлға айтыл­ған деп анықтайды. Ойке апа туралы өлеңінің шығу тарихын әңгімелеген.
Абайдың тұлғасы туралы «Орта семіз еді Абай. Мойны қысқа болатын. Сондықтан да ат үстінен бұрылып қарай алмайды. Ылғи атын бұрып, айналып қарайтын. Бір кітаптың ішіндегі әйел жайын оқып отырып: «Мынау әйел мойны ұзын Айса бала емес, мойны жоқ мен емес – аралық екен-ау» деп айтқанын еске түсіреді. Жазушы ескермеген мына жайт та оқырмандарға қызықты болары анық: «Абай, Әбіш айтысқанда, Абай: «Ақ артық па, қара артық па?» дейді. Әбіш қара артық дейді. Мысалға көздің қарашығын айтады. Әбіш: «Сіздің зәріңіз қатты ғой халыққа» дейді екен. Кісіге кіріп келгеннен қадалып, көзін алмай тесірейе қарап отырып қалатын. Кіргеннен отырып, орнығып болғанша қарайтын. Есінен ауыстырып жібереді көп адамды». Бұл – біз білмеген Абай. Абай өмірбаянының төртінші нұсқасында мына бір факт бар. «Мысалы, Құнанбайдың жас шағында ауылын найман шабады. Сол қырғында тобықты жылқысын алдыр­майды. Өскембайдың бір азамат баласы қаза табады. Ол Болсамбек деген асырап алған баласы болатын. Мұны Зере Құнанбаймен бірге бауырына салып өсірген еді» дейді. Бұл да Тұмабай естелігінде келтірілген.
Жазушы Мұхтар Әуезов­пен кездескен кезінде Тұмабай Наданбайұлы 59 жаста екен. Арабша оқыған, көзі ашық, өзінің ақыл-парасатымен көзге түсіп, ауыл-аймақта, туыстар арасында жас кезінен «бала би» атанған. Эпопеяның же­лісін­дегі барлық тартыс-таласқа Торғай – Құлыншақ­тан тарайтын Тұмабай әулетінің қатысы бар. Олар кітапқа Құлыншақтың «бес қасқасы» деген атпен кіреді.«Құлыншақтың айналасын қоршап отырған Тұрсынбай, Садырбай, Мұңсызбай, Наданбай сияқты төрт ұлы қос­тап қоя берді. Бес қасқаның біріне Манас қосылатын. Ол бәрінен жас. Тегінде, Құлыншақтың өз баласы емес, ерте ер жеткен немере, анау Тұрсынбайдың баласы еді» деген жолдар Құлыншақтың ұлдары туралы дерекке қанықтыра түсіп, Тұмабайдың әкесі Наданбайдың – бес қасқаның бірі екенін айтады.Өкінішке қарай, Мұхтар Әуезов те және Ләйла Мұхтарқызының «Исторические основы эпопеи «Путь Абая» деген зерттеуінде де Тұмабай Наданбаевтың Абай өмірін қаз-қалпында жеткізушілердің бірі екенін айта кетсе де қазіргі күні бұл ескерілмеген. Мұхтар Әуезов­тің үй-мұражайы қыз­меткерлері де, Жидебайдағы, Семейдегі мұражайларда дерек беруші туралы мәлімет жоқтың қасы. Оның бір себебі 1937 жылы халық жауы ретінде атылып кеткендігінен болар.
Тұмабай Наданбайұлы бертін келе Абайдың ұлы Тұрағұлмен жақын дос бол­ған. Тұрағұлдың отбасымен түскен суретте Тұмабайұлы Қабыш та тұр. (суретте)
Бөкейлен 1930 жылы Семей облысында дүниеге келген. 1953 жылы Мәскеу тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген соң, 1965 жылы Қазақстан Үкіметінің тағам өнеркәсібі бөлімінің бастығы болып тағайындалып, сала институтының директоры, 1970 жылы министрдің орынбасары, одан соң Қазақстанның тағам өнеркәсібі министрі қызметін атқарады.
Тұмабайдың баласының атын Бөкейлен қоюының да себебі бар. «Әлі есімде Семейде тұрғанда жаз болса малымызды алып, киіз үй тігіп, қала сыртына көшетінбіз. Сонда арнайы іздеп Әлихан Бөкейханов келетін. Ол кісі ыңғай кел­генде рессорлы арбаға (фаетонға) үш ат жегетін, бәрі бірдей торы не қара болатын. Алдынан жүгіріп шыққан мені ат айдаушыға айтып, арбаға отырғызатын да, біраз жүргізіп келетін. Әкем ол кісіні өте жақсы көретін және аса сый­лайтын еді. Сол кісінің құрметіне мен туғанда, ол кезде Кеңес үкіметі орнаған кез, елдің патшасы Ленин бол­ғандықтан, «хан», «бай», «би»-ді қоспай менің атымды Бөкейге (лен)-ді қосып Бөкейлен деп қойған. Тағы бір есімде қалған, әрі ерекше әсер еткен нәрсе – ол Әлихан Бөкейхановпен әкемнің төс қағыстырып, беттерін кезек-­кезек түйістіріп, мұсыл­манша амандасуы, менің ба­ла­лық жүрегімде мәңгілік сақ­талып қалды» деп баласы ес­телік қалдырыпты.
Ол туралы Тұмабайдың баласы Бөкейлен былай деп жазады: «1937 жылы жаңа жылдың қарсаңы болу керек, білмеймін, әйтеуір қақаған қыс кезі еді. Абай атамыздың Ақылбайының немересі Бағыш (Бағыфур) пен Қабыш ағайдың екеуі соғым алып келуге кеткен. Сол күні ымырт жабыла үш милиционер келіп, үйді тінте бастады, үйге кіргендерді шығармайды. Үйдің іші астан-кестен, әрі кісіге лық толы, әрі ыс­тық, ауа жетпейді. Дәл осы кезде Бағыш пен ағайым келді. Үсті-бастары қырау, тіпті тұлыптарына дейін қырау-қырау. Үйге милиционер келіп, тінте бастағанда шешем үйдегі барлық фотоларды менің «боқшама», яғни сумкама сала салды. Ол кезде мен бірінші сыныпта оқимын. Олар менің сумкамды тексерген жоқ. Үйді әбден тінтіп, үш кітапты (не туралы екенін білмеймін, әйтеуір, әкем өте қасиеттейтін, біреуінің сырт қабы жыртылып қалғанда мыспен құрсатып алған болатын) тауып алып, әкемді қоса алып кетті. Олар кеткен соң шешем менің сумкамдағы фотоларды отқа тастай салды, олар жана бастағанда, есіне бірдеңе түсті ме қайдам, үстінде жатқан жалғыз бір суретті қайта алып еді, ери бастаған әкемнің фотосы екен. Күні бүгінге дейін сақталған, жалғыз қалған суреті осы ғана.
Жақында Тұмабай ақса­қалдың ұрпақтары ­атынан Бибігүл Ахметова сұрау салып, оның үстіне жүргізілген қылмыс­тық істерімен танысты. Сонда 1937 жылы 24 қаңтарда ұсталып, Кеңес өкіметін құлатып, Алашорда өкіметін орнатпақ болған ұлттық ұйымның мүшесі ретінде айыпталып, сол жылдың 14 тамызында ату жазасына кесілгенін білдік.
Мұрағатта сақталған осы деректер ізденісімізге мұрындық болып, «Абай жолының» жарқын іздерін жүрегінде сақтап

Мұрағатта сақталған осы деректер ізденісімізге мұрындық болып, «Абай жолының» жарқын іздерін жүрегінде сақтап, қазақ елінің өркениетінің бір ғасырлық келбетін жеткізген асыл жанға құрметімізді асырып еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 1 =