«Абай жолы» мен «Ұстаздың оралуын» оқимыз

0 78

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ­М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына байланысты Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы оқуға ұсынылды.Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші кітабы жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.
Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалым әл-Фарабидің тарихи бейнесін кестелеуімен құнды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 9 =