©2020 Астана Ақшамы
Абай және Пушкин
Абайдың түр жағынан жаңалықтар бергенөрнекті, өрісті жырлары 1889 жылдарға ауысады. Бұл жылыөз шығармалары мен аудармаларынқосқанда, жиырма жетіөлең жазады. Сөздің сиқырын, сырын, ырғағын, құйылысы мен кестесін сезіп, тұщына білген Абай мен Пушкин «Евгений Онегин» романы арқылы шүйіркелесіп, табысады десе де болады. А.Пушкиннің ішкі терең мазмұныменұғысып, ұйқас ағысын тапқан Абай оның сегізөлеңін аударады. Олардың арасында жеті–сегіз буынды шалысұйқас пен он екі–онүш буындыққараөлеңүлгісіндегі «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі» сынды жырлары бар. Абайдың А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан аударған, Онегиннің Татьянаны жұбатып айтқан сөзінің аудармалары түпнұсқада – 68 жол. Абай аудармасында – 76 жол. Бұлөлең ақынның алғашқы 1909 жылғы жинағында жарияланған. Ақын бұлөлеңінеән шығарған. Әнді музыка зерттеушісіҚ.Жүзбасов 1984 жылы Мәкен Мұхаметжановадан таспаға жазып алып, нотаға түсірген. Әуен араласөлшем ырғақ желісіне түсіп, баяу орындаудықажет етеді.
Қарт Шыңғысты мекендеп келе жатқан сол кездегі Тобықты еліне Арқаәндерінің дендеп тарай бастағаны даҰлы Абайдыңән, сән түзеген жастық–бозбалалық шағымен тұспа–тұс келетінін МұхтарӘуезовәріден байыптап, суреткерлік шығармашылығында молынан пайдаланғаны оқырманға «Абай жолы» роман–эпопеясы арқылы белгілі.
Абай «Евгений Онегин» романы бойынша Татьяна мен Онегиннің бірнеше хатын аударып, ән жазады. «Таңғажайып бұлқалай хат», «Хұп білемін сізге жақпас» аудармаларына жазғанәндерін А.Затаевич пен А.Жұбанов нотаға түсіріп, «Қазақтың 1000 әні» жинағына енгізеді. Ән халық арасында кеңінен тарап, жұртшылыққа ерте танымал болды. Қазақстан мәдениетін зерттеуші А.Седельников: «АбайҚұнанбаевқазақ поэзиясындағы жаңа ағымныңөкілі, оныңқаламынан «Евгений Онегин» дастанының және Лермонтовтың (қазақтарға ең түсінікті болған ақын) көптегенөлеңдерінің тамаша аудармасы туды. Семейәншілерінен «Татьяна сөзі» әнін естуге болады» деп жазды. Музыка зерттеушілері, фольклоршылар бұләннің алты түрін халықәншілерінің орындауында жазып алды. Абайдың осы жылы Пушкиннен аударған «Амал жоқ, қайттым білдірмей» өлеңі – Татьянаның Онегинге жазған хаты. Мұның 1889 жылы Абай тудырған нұсқасы – 79 жол, түпнұсқада – 76 жол. Абай Татьянаның хатының терең мазмұнын толық жеткізуді көздей отырып, бұл мақсатынқазақ жастарыныңұғым–түсінігіне орай жүзеге асыруқажеттігін түсінген. Татьянаның мінезін, еркіндігін, адалдығынөнеге етуүшін хаттықазаққыздарыныңұғымына сай келтірген. Қазақша нұсқадағы кейбірөзгешеліктер осыдан туған депқарауымыз керек. Мысалы,
Шеш көңілімнің жұмбағын,
Әлде, бәрі алданыс.
Жас жүрек жайып саусағын,
Ұмтылған шығар айға алыс, деген шумақтағықыз жүрегін аспандағы айға саусағын жайып тұрған жанды бейне кейпінде алып сипаттағаны – Абайдыңөзі тапқан көркемдік тәсіл. Өлең терең мағыналы болуымен бірге көңілгеқонымды, тілге жеңіл болып шыққан. Оған Абайдыңөзіәдеміән шығарып, ел арасында кең тарап, айтылып келгені мәлім. Өлең – жеті–сегіз буынды шалысұйқас, Абайдың алғашқыөлеңдер жинағына енген.Қазақ оқушысына көптен мәлім ақынның бұл аудармалары Пушкиннің жазбасынақаттыұқсайқоймайды. Аударып отырғанөлеңінің мағынасын бастан–аяқ дәл, тура жеткізуге деұмтыла бермейді. Шығыс поэзиясына тән нәзира дәстүрі бойынша кейбірүзінділерін алып, кейде жақын, кейде жанай, еркін тәржімалаған. Ал, 1889 жылы Абай «Жарым жақсы киім киіп…» (Онегинніңөлердегі сөзі) өлеңін түгелдейөз жанынан шығарған деуге болады. Көлемі – он сегіз жол. «Евгений Онегин» романында Онегинніңөлімі жайында дәл ештеңе айтылмайды. Онегиннің;
Атам, анамқара жер,
Сен аша берқойныңды.
Сенен басқа еш жерден,
Таба алмадым орнымды, депөмірменқоштасуы – Абайдыңөзі тапқан көркемдік шешімі. Онегин тағдырын Абай трагедиялық бояуынқоюлатып, қиянатты көп көрген, азап шеккен адам етіп көрсетугеұмтылған. Онегиннің Татьянаға жазған хатындағы:
Сорлы адаммын жер жүзінде,
Бірқуаныш көрмедім.
Неқыласың, ерікөзіңде,
Қайғысы асқан шерлі едім, дейді. «Түзеле алман» дегеннің мағынасы «өмірден бірқуаныш көрмедім», «шерлі едім» дегенімен астасып жатқанын аңғарамыз. Жеті–сегіз буындықараөлеңұйқасымен жазылғанөлең ақынның 1909 жылғы жинағында жарияланған. Абай бұлөлеңінеән шығарған, бірақ Абайәндерінің ішінде сирек орындалатын туындылардың бірі.
Абайдың аудармаөлеңдерін түпнұсқаға жақын аударма және еркін аударма деп жіктеудіңқисыны бар. Қазіргі аудармашылардай, түп нұсқаны солқалпында жеткізуді мақсат етпеген ақынның алдымен Пушкинге назар салғаны тегін емес. Орысәдебиетіндегі жаңа дәуірдің мазмұны, тақырып идеялары мен көркемдік сапасы клас–сикалықәдебиеттің басы болды.
Пушкинді бөлек–бөлекүзінділер түрінде аударған Абай оның жанына тереңүңіліп, екі жас арасындағы махаббаттың хал–құбылыстарынқазақ мәдениетіне жақынқылып көрсетеді. Пушкинқолданған теңеулерді дәл, шебер жеткізіп, өз жанынанқосылған шумақтар мен ой–сезімдерінүйлестіре түседі.
Қаймақ еді көңілімде,
Бізгеқаспақ болды жем, деп Пушкинде жоқ кейбір жайлардықазақы тілмен, шебер көркемдікпенқазаққызына тән тамаша теңеудіқолданады:
Рауверять, заставить верит,
Казаться мрачным изнывать, деген жолдарды:
Нанасың, не айтса да амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген, деп түпнұсқаға сай етіп аударады. Бұл жөнінде М.Әуезовтің «Пушкинді дәл аударушылар бола берер, бірақ, оның романының ішіндегіүлкен ой, сирек сезімдерді Абайша жеткізіп, көріктеп беру көп табыла бермес» дегені бар.
Осындай шеберлікке жетуүшін Абай неше алуан теңеуді, шешендікті, қазақтың төл сөздерін түгелқолданады. Осылайша, Пушкиннің аса көркем халықтық шығармасынақазақ ақыны бірталай еркіндік жасайды.
«Онегинніңөлердегі сөзі» аттыөлеңін Абайөз жанынан шығарып, Онегин бейнесін сол кездегіқазақ жұртшылығына жақсы таныс шығыс поэзиясының дәстүріне жақындата, Пушкиннің сипаттауымен басқаша баяндайды.
«Куда, куда вы удалились» деп басталатын Ленскийдің сөзін көпөзгертпей жеткізугеұмтылғанымен Онегиндіөміріменқоштастырып:
Атам, анам, қара жер,
Сен аша берқойныңды, депөзі шығарып, өлердегі сөзін айтқызады. Татьянанықазақша ойлатып, Пушкиннің Татьянасынан да аса алшақтатпай:
Сен шошыдыңғашығыңнан,
Өзге жұрттанқамшы жеп, дейді. Сол кездегіқазаққауымыныңұғым–түсінігіне сай көңілгеқонатын сөздер айтады. М.Әуезов айтқан «Хат түріндегі эпистолярлық роман» болғанымен, тұтастай алғанда, бір желіге түсірілген лирикалық драма.
Қалай айтсақ та, Абай мен Пушкиннің біртұтастығының сарынымен жазылғанұлылықтың ажырамас жарқын көрінісі, М.Әуезов пікірініңқұндылығы да осында. Екі алып ақынның ішкі сезімүндестігі шығармашылық байланысының сиқырлы сыры да осы.
Алмахан МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ,
Қазақстан–Ресей университеті «Абайтану» ғылыми–танымдық орталығының директоры

Алмахан МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫ, Қазақстан–Ресей университеті «Абайтану» ғылыми–танымдық орталығының директоры