«Абай» және «әл-Фараби» телеарнасы ашылады

0 50

Биыл елімізде «Абай ТВ» және «әл-Фараби» атты екі жаңа телеарна ашылады. Аталған қос телеарна ұлт мәдениетінің байлығы мен мұрасын жарқыратып көрсететін жаңа білім беру – ағартушылық телевизиялық жоба саналып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида ­Балаева айтты.

«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр» деді министр өз сөзінде.
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуы бойынша «Қазақстан» ұлттық арнасы құрамына кірген «Абай ТВ» телеарнасы бүгін өз жұмысын бастайды. Ол отандық руханият пен мәдениетті жан-жақты насихаттайды. Ал «әл-Фараби» телеарнасы «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіледі. Бұл телеарна 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу-ағарту телевизиялық бірегей жоба болмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 1 =