Абай үйі ашылады

0 18

Нұр-Сұлтанда «Шетелде тұратын қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту» тақырыбында брифинг өтті. Іс-шараға Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов қатысты.Брифинг барысында М.Сарбасов шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жобалар туралы және «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйлерін дамыту жобасы сәтті жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде айтып берді.
«Қазіргі таңда «Abai Uii» 5 мемлекетте ресми түрде ашылып, жұмыс істеп жатыр. Енді 2021 жылдың екінші жарты жылдығында «Abai Uii» әлемнің тағы үш елінде, атап айтқанда Моңғолия, Ресей және Қырғызстанда ашу жоспарланған. Осы қоғам шетелдегі қандастарды қолдау шараларын барлық этникалық қазақтарға қатысты жүзеге асырып келеді. Қазір әлемде 250-ге жуық қазақ мәдени орталығы бар. Бүгінде «Отандастар қоры» мәдени-гуманитарлық шаралар ұйымдастыру мақсатында 71 қазақ мәдени орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», деді М.Сарбасов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + seventeen =