Абай тұрады Бухаресте

0 56

Алдағы 30 маусымда Румыния астанасы Бухарест шаһарында «Нұр-Сұлтан» гүлбағы ашылады. Бұл жағымды жаңалықты Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялапты.

Онда ол: «Қазір біздің ауданы­мыз­дың тәжірибесіне шетелдік әріптестеріміз қызығушылық танытып отыр. Бүгінгі таңда Мәскеу, Қазан, Будапешт қаласындағы аудандарымен жақын байланыс орнаттық. Енді Бухарест қаласының бірінші секторымен тәжірибе алмасамыз. Қазақстанның Румыния­дағы елшісі Нұрбах Рүстемовтің нәтижелі жұмысының арқасында 30 маусым күні Бухарестің басты секторында «Нұр-Сұлтан» гүлбағы ашылады. Онда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткіші орнатылады» деп жазыпты.
Сонымен бірге Берік Жәкенов ZOOM арқылы елші Нұрбах Рүстемов және Бухаресттің бірінші секторының мэрі Даниэль Тудорачпен сөйлескенін атап өтіпті.
«Олармен қала тіршілігіне қатысты пікір алмастық. Мысалы, шетелдік әріптестерімізді біздің санитарлық тазалық, абаттандыру секілді шаруашылыққа қатысты тәжірибеміз қызықтырады екен. Бізді де олардың көгалдандыру, қала құрылысы сияқты жұмыстары қызықтырады. Осы тарапта пікір алмасып, әңгімелестік. Енді жақын байланысамыз» дейді аудан басшысы.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 19 =