Абай тойы елордадан басталады

0 40

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды таныстырды. Ұлы ақын тойы елордадан басталады, яғни 21 қаңтарда «Астана Опера» театрында салтанатты ресми ашылуы өтеді.Ұлы тұлғаның мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған 500-ге жуық іс-шара 82 тармақты қамтиды, оның ішінде халықаралық және респуб­ликалық маңызы бар ғы­­лыми, ағар­тушылық іс-­шаралар, конференциялар, симпозиумдар, әдеби байқаулар қамтылған.
Әсіресе, мәні бар жобалардың ішінде ақын шығармаларын шетелдің 10 тіліне аударып шығару, ұлы тұлғаның өмірі мен мұрасы жайында үш деректі фильм түсіру, тамызда Семей шаһарында «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық-тәжірибелік конференция өткізу көзделген. Сондай-ақ Семейдегі ақын мұражайы мен «Жидебай-Бөрілі»
музей-қорығына музеефикацияландыру және ғылыми реставрация жұмыстарын жүргізу, ақынның туған жері Сырт Қасқабұлақ елді мекені абаттандырылып, Ақшоқыдағы Құнанбай бабамыздың әулеті жатқан жерге музей салынып, Абай мен Шәкәрім атамыздың кесенелері жаңғыртылады. Еліміздегі оқу орындарында ақын өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу және тақырыптық шығарма байқаулары өткізіледі. Барлық өңірдегі оқушылар үшін «Абай жеріне саяхат» атты экскурсиялық турлар ұйымдастырылады.
Нұрғиса Дәуешов өз сө­зінде мерейтойға арнал­ған іс-шаралар Мәдениет және спорт министр­лігінің 3 млрд теңге кө­­ле­­міндегі жылдық жос­пар­ланған қаржысы есебінен өтеді деді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды