«Абай» телеарнасы ашылады

0 109

Биыл елімізде мәдениет саласына бағытталған «Абай» телеарнасы ашылады. Бұл хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына тамаша тарту болғалы тұр. Осы жағымды жаңалықты ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев хабарлады.Бізде мемлекеттік, коммерция­лық біраз телеарналар жұмыс істейді. Олардың өз жолы, ұстанымы, бағыттары бар деуге болады. Бірақ тікелей мәдени-рухани салаға бағытталған арна жоқ еді. Енді осы олқылықтың орны толғалы тұр деп сенеміз. Әсіресе, қазақтың ағыл-тегіл әні мен күйін тыңдағанды жақсы көретін, ұлттық киноларды тамсанып қарайтын, мәдени-рухани өміріміздің түйткілді мәселелеріне жаны ауырып, соған алаңдап отыратын қауым үшін қуанышты жаңалық болып отыр.
Өзім Ресейдің «Культура» арнасын сағаттап көретін көрерменімін. Онда орыстың атақты ақын-жазушыларынан бастап, теа­тр, бейнелеу, музей, кино, опера, секілді өнердің сан түрін қамтыған бағдарламалар көрсетіледі. Айтулы тұлғалардың мерейтойлары да ұмыт қалмайды. Зиялы қауымның қатысуымен мәдениет, руханият саласындағы өзекті мәселелерді талқылап жатады. Қысқасы, осы арнадан ұлттың намысы қалғып кетпеу үшін зиялылардың шырылдаған үнін естисіз. Сондай кезде бізде де осындай арна болса армандаушы едім. Ендеше, жаңа ашылмақ телеарнадан осындай үміт күтеміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − nine =